Руханият ТҮРКІСТАНДА ТАРИХИ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ Редактор 05.07.2022 13984 1 оқу мин Түркістан облыстық Ұлы Дала Елі орталығында «Тарихы – терең Ақжайық, Тақсай ханшайымы» атты көрменің ашылуы өтті. Көрмені ұйымдастырушы Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі. Көрмеде көпшілік назарына 2012 жылы Теректі ауданындағы Долинное елді мекенінің маңынан табылған «Алтын әйел» тарихи жәдігері қойылды. Тақсай кешенінен табылған жәдігердің зерттеу жұмыстары БҚО тарих және археология орталығында жасалған. Тақсай ханшайымының бейнесін Алматы қаласындағы «Остров Крым» ғылыми-қайта қалпына келтіру шеберханасы мамандары ғалымдармен бірлесе отырып қайта қалпына келтірген. Зерттеуші-ғалымдардың пайымдауынша, Тақсай кешенінен табылған «Алтын әйел» қабірі ежелгі сармат кезеңіне тиесілі. Олай деуге әйелдің жерлену тәсілі мен сары металдан жасалған бұйымдар негіз болады. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Астанада Өнер музейі ашылды 1 оқу мин Руханият Астанада Өнер музейі ашылды 10.10.2025 93347 ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРГЕ БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ СТИПЕНДИЯ ТАПСЫРЫЛДЫ 1 оқу мин Руханият ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРГЕ БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ СТИПЕНДИЯ ТАПСЫРЫЛДЫ 10.10.2025 93401 ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ МӘДЕНИЕТІНЕ АРНАЛҒАН «ДӘН МЕН ДӘМ» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ 1 оқу мин Руханият ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ МӘДЕНИЕТІНЕ АРНАЛҒАН «ДӘН МЕН ДӘМ» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ 09.10.2025 97416