Руханият ТҮРКІСТАНДА ТАРИХИ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ Редактор 05.07.2022 16983 1 оқу мин Түркістан облыстық Ұлы Дала Елі орталығында «Тарихы – терең Ақжайық, Тақсай ханшайымы» атты көрменің ашылуы өтті. Көрмені ұйымдастырушы Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі. Көрмеде көпшілік назарына 2012 жылы Теректі ауданындағы Долинное елді мекенінің маңынан табылған «Алтын әйел» тарихи жәдігері қойылды. Тақсай кешенінен табылған жәдігердің зерттеу жұмыстары БҚО тарих және археология орталығында жасалған. Тақсай ханшайымының бейнесін Алматы қаласындағы «Остров Крым» ғылыми-қайта қалпына келтіру шеберханасы мамандары ғалымдармен бірлесе отырып қайта қалпына келтірген. Зерттеуші-ғалымдардың пайымдауынша, Тақсай кешенінен табылған «Алтын әйел» қабірі ежелгі сармат кезеңіне тиесілі. Олай деуге әйелдің жерлену тәсілі мен сары металдан жасалған бұйымдар негіз болады. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Бәрі жабылады… 1 оқу мин Руханият Бәрі жабылады… 12.05.2026 6753 «Шымқала кештері» концерттік іс-шарасы бастау алды 1 оқу мин Руханият «Шымқала кештері» концерттік іс-шарасы бастау алды 11.05.2026 7642 Түркістанда республикалық ақындар айтысы өтті 1 оқу мин Руханият Түркістанда республикалық ақындар айтысы өтті 25.03.2026 17647