Түркістан обылысына қарасты Шардара ауданында өткен жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Бердешов, аудан әкімі аппараты заң бөлімінің бас маманы Б.Тұртаев және аудан әкімі аппараты қызметкерлері, қала, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты. Семинарға қатысушыларды күн тәртібіндегі мәселемен таныстыра өтіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау шаралары туралы Б.Тұртаев түсіндіріп өтті.Сондай-ақ, күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы туралы баяндама жасады. «Жоғарыдағы заң талаптарына толықтырулар мен өзгерістер енгізілуіне байланысты, қарамағындағы қызметкерлер пара алған жағдайда сол мекеменің бірінші басшысының да жауапкершілігі қаралатын болады. Яғни, пара алып қылмыстық жауапкершілікке тартылған жағдайда басшы өз еркімен отставкаға кету жөнінде өтініш білдіру керек. Облыстық маңызы бар қала, аудан әкімдері тарапынан орын алғанда облыс әкімінің жауапкершілігі, қала, ауыл әкімдері мен бөлім басшыларының іс-әрекетінен қылмыстық жауапкершілік байқалған жағдайда сол аудан әкімдері мен салалық орынбасарларының жауапкершілігі қоса қаралатындығын айтып, қарамағыңыздағы барлық қызметкерлеріңіз арасында әсіресе халықпен тығыз жұмыс жасайтын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары және тағы да басқа бөлімдер мен қала, ауылдық округ әкімі аппараттары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау жөніндегі түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, құқықтық оқытулар мен семинарлар жиі өткіз керек. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 2 ақпандағы «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» №802 Жарлығы қабылданған. Аталған тұжырымдама қала, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшыларына ұжым қызметкерлері арасында таныстыру және түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде аудан әкімі аппараты тарапынан арнайы хатпен жолданған болатын.Жоғарыда аталған тұжырымдамада сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, адалдық, заңдылық пен прагматизм әркімнің ішкі құндылық нанымына айналуға тиіс екендігі көрсетілген.»- деді Б.Асқарұлы. Сонымен қатар, Ж.Бердешов мемлекеттік мекемелер өз ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді шараларды жиі өткізіп, оның алдын алу бойынша тиісті жұмыстарды атқарып отыруды тапсырды.