Экономика Стратегиялық маңызы бар нысанда жыл сайын арнайы зерттеу жұмыстары жүргізіледі Редактор 20.10.2022 10384 Стратегиялық маңызы бар нысанда жыл сайын арнайы зерттеу жұмыстары жүргізіледі Түркістан облысы ауыл шаруашылығының бай аймақтарының біріне жатады. Республикадағы суармалы жерлердің 3/1 бөлігі облысқа тиеселі (548,2 мың гектар) және 70 мың агроқұрылымдарда 180 мыңға жуық адам еңбек етуде. 1967 жылы салынған «Бөген» су қоймасы су шаруашылығы нысандары стратегиялық объектілер тізбесіне жатқызылған. Аумағы — 65 км2, ұзындығы 13 км, ені 6 км, тереңдігі 15 м. Бөген су қоймасының су сыйымдылығы – 370 млн текше метр. Арыс, Бөген өзендерінің суымен толығады. Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында орналасқан «Бөген» су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Стратегиялық маңызы бар нысандарда жыл сайын арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілетіні белгілі. Соған сәйкес, су қоймасында тиісті шаралар қолға алынды. Бүгінде нысанды мерзімінде сапалы етіп тапсыру талабын қойылып отыр. Жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен тиісті қаржы бөлінген. Стратегиялық маңызы бар нысанның жөндеу жұмыстары аса үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өңірдің ауыл шаруашылығы үшін су қойманың берері мол. Сондықтан жауаптыларға қойылар талап та күшті. Қауіпсіздікті сақтау — басты мақсат. Жөндеу жұмыстарының әр сатысы жан – жақты әрі тұрақты бақылауда болады, — дейді жауаптылар. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 4700 Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 14894 ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 27.02.2026 11719