«Бес қара» құс фабрикасында 400 мыңға жуық Коралл-кросс тұқымды құсы өсіріледі Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданын дамытуға ерекше көңіл бөлінген және бұл жұмыстардың әрі қарай жаңа қарқынмен жалғасып жатыр. татынын жеткізді. Сарыағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жылдан жылға артып келеді. Мемлекет басшысының тарапынан қойылған міндеттер еліміздің экономикалық өсімін жеделдетіп, халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Ауанға қарасты Жібек жолы ауылдық округінің Дихан баба елді мекенінде кітапхана және мәдениет үйін салу мақсатында қажетті 340,4 млн. теңге қаралды. Құрылыс жұмыстары басталды. Көктерек кентін сапалы электр желісімен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 2022 жылы 200 млн. теңге қаралды. Қыркүйек айынан бастап ескірген электр желілері мен бағаналарын жаңарту жұмыстарын жүргізуде. Сарыағаш ауданында 7 мектептің құрылысы жүргізілуде. 4 мектеп биыл пайдалануға беріледі, қалған 3 нысан келер жылға өтпелі. Ауданда бір ауысымда 25 адам қабылдайтын 3 дәрігерлік амбулатория салынуда. 8 елді мекенді ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілуде, жалпы құны 4 725,4 млн. теңге құрайды. Ұлттық қор есебінен 1 580,5 млн. теңге және облыстық бюджеттен 2 млн.теңге бағытталды. Сарыағаш қаласында өнімділігі тәулігіне 3400 текше метр кәріздік тазарту құрылысының жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2023 жылға өтпелі. Сарыағаш ауданында 6 елді мекенде электрмен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп, биыл 1 нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 13 елді мекенде 30 жоба іске асырылуда. 9 мектепте күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Мәдениет үйлері салынып, жолдар жөнделуде. Сарыағаш ауданындағы ірі өндіріс орындарының бірі «Бес қара» құс фабрикасында 400 мыңға жуық Коралл-кросс тұқымды құсы өсіріледі. Тәулігіне 300 мың жұмыртқа шығарады. Жібек жолы ауылдық округіндегі ерте көктемгі дақылдардың көшеттерін дайындаумен айналысатын «Agro Tur» шаруа қожалығының да жұмысы қарқынды. Мұнда жылына 12 млн. түп көшет өсіріледі. Көшет егу, өсіру, күтіп-баптау, суғару жұмыстары толық компьютерленген. Соңғы үлгідегі автоматтандырылған мұндай өндіріс орны еліміз бойынша алғаш рет Сарыағаш ауданында ашылған. Оның көшеттері көршілес елдерге де жіберіледі.