Экономика Кәсіпкерлікті нәсібіне айналдырған нәзікжандылар қатары артып келеді Редактор 21.10.2022 7198 1 оқу мин Кәсіпкерлікті нәсібіне айналдырған нәзікжандылар қатары артып келеді Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданында кәсіпкерлікті нәсібіне айналдырған нәзікжандылар қатары артып келеді. Ауылшаруашылығы саласынан бастап, қызмет көрсету саласында да тер төгіп жүрген қыз-келіншектер ауданның экономикасының өрлеуіне де үлес қосып келеді. Табыс тауып, отбасының жүгін арқалап жүрген кәсіпкер қыз-келіншектер көпке үлгі боларлық игі істерімен де көзге түсуде. Жуырда 700-ден аса қыз-келіншектерден құралған кәсіпкерлер демеушілік жасап, облыстық автомобиль жолынан «Көз әулие» кесенесіне баратын аумаққа асфальт жол төсеп берді. Аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев аталған кесенеде болып, демеушілік жасаған кәсіпкер қыз-келіншектердің бірқатар өкілдерімен кездесті. Кездесуде — «Еліміздің түрлі аудан, қалаларында сауапты іс жасап жүрсіздер. Жалпы жол салу да сауапты істің бірі. Бұл өмірге келген әрбір азамат өзінің артынан өшпес мұра немесе өшпес із қалдырып кетсем деп алдына мақсат қойып жатады. Міне алға қойған мақсаттарыңызды іс жүзінде дәлеледеп отырсыздар», — деп алғысын білдірген Бағдатбек Жанғазиев кәсіпкерлердің қатарындағы бәйдібектің тумасы Айгүл Кеңесқызына аудан әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлық табыс етті. Жалпы кездесуде кесененің айналасын абаттандыру бойынша Айгүл Кеңесқызы мен кәсіпкерлердің пікірлерін тыңдап, аталған аумақты қоршау, тал егу бойынша бірқатар мәселелерді талқылап жауапты мекеме мен ауыл әкіміне бірқатар тапсырмалар жүктеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 94591 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 111200 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 122793