Мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша арнайы кеңес алды «Бастау» жобасының түлегі «Нұр бала» бөбекжайы» ЖШС- ның меңгерушісі Ж.Сапарбаева, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Түлкібас аудандық филиалына келіп, мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша арнайы кеңес алды. Палата қызметкерлері, «Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымының несие талаптарына сай, құжаттар тізбесін беріп, қажетті кепіл заттарының құжаттарын, анықтамаларын, бизнес жоспарын дайындап, құжаттар топтамасын толық жинап,сүйемелдеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, бала бақшаға қажетті жабдықтартар алуға, дайындалған бизнес жобасы, 7 млн теңгеге мақұлданып, 5 жылға, төмендетілген 6 пайызбен несие алды. Бала бақша меңгерушісі Ж.Сапарбаева: Түлкібас аудандық филиалы директорына, Палата қызметкерлеріне алғысым шексіз, кәсіпкерлерге әрдайым көмек көрсетіп, сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді, — деп өз ризашылығын білдірді. Жалпы, «Атамекен-Түркістан» МҚҰ-нан, Түлкібас ауданы бойынша 23 жоба-жалпы құны 117 730 000 млн теңгеге қаржыланды. Оның ішінде қызмет көресту саласы бойынша 5 жоба, 33 млн теңгеге, мал шаруашылығын дамыту бойынша 19 жоба, 84 млн 730 мың теңгеге несие алып кәсіптерін дамытып жатыр.