Базар пайдалануға берілген соң, кәсіпкерлер өз жұмыстарына кіріседі Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының әкімі Мұрат Кадырбек Жетісай Қаласындағы өртке оранған «Күлпаршын базары» ЖШС қайта қалпына келтірілу жұмыстарымен танысып, жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралап көрді. Орталық базармен жапсарлас және аумағында орналасқан ғимараттардың заңдылығын, бұған дейінгі жіберілген өрт және басқа да қауіпсіздік шараларының сақталуын қатаң бақылауға алуды тапсырып, рұқсатсыз салынған құрылыстардың заңды құжаттарын ала алмайтындықтарын ескертті. Базарды қалпына келтіру бойынша «Farabi Desingn Group» ЖШС дайындаған бас жоспары негізінде «Күлпаршын базары» ЖШС мен «STALKON STROY» ЖШС мердігер мекемесі арасында келісімшарт түзілген. Кәсіпкерлердің кәсібін қайта жүргізулеріне мүмкіндіктерді қарастыру мақсатында жалпы алаңы 3600 м2 құрайтын тез құрастырмалы модульді металл құрылымын салу жұмыстары жүргізілуде. Аталған құрылымның бірінші қабаты ағымдағы жылдың 30 қазанында, ал, екінші қабатын 30 желтоқсанда аяқтау жоспарланған. Одан бөлек, «МПК проект» ЖШС тарапынан базар ішіндегі инфрақұрылымды талапқа сай жүргізу мақсатында жоба дайындалып, «Нұрі-Л-Жетісай» ЖШС инфроқұрылымын жүргізу жұмыстарын жүргізуде. Бұған дейін базардың 2500 м2 жерін тегістеп, бетондаған «Таймас компани» ЖШС тарапынан контейнерлер орнатылып төбе жаппасы жабылуда. Аудан басшысының тікелей бақылауында тұрған базарды қалпына келтіру жұмыстарына жалпы 7 бригадада 50 адам құрылыс жұмыстарымен айналысуда. Айта кетейік, облыс аумағындағы қала, аудандарының демеушілігі есебінен 58 контейнер, нақтырақ айтар болсақ Шардара ауданынан 5, Түркістан Қаласынан 5, Сауран Ауданынан 4, Келес Ауданынан 4, Мақтаарал Ауданынан 5, Сарыағаш ауданынан 2, Жетісай ауданынан 5, Бәйдібек ауданынан 3, Ордабасы ауданынан 2, Отырар ауданынан 5, Түлкібас ауданынан 3, Кентау қаласынан 3, Созақ ауданынан 2, Төлеби Ауданынан 5, Қазығұрт ауданынан 5 контейнер жеткізіліп, сызбаға сай орнатылған. Базар пайдалануға берілген соң, кәсіпкерлер өз жұмыстарына кіріседі.