Шаруалар арасында сұранысқа ие болып отыр Бүгінде Түркістан облысында кәсіпкерлер түрлі өнімдер өндіруде. Жуырда ғана Сарыағаш ауданында электрошәйнек шығаратын кәсіпорын ашылып, еңсесін тіктеді. Түркістан облысына қарасты Келес ауданы, Ораз ата елді елді мекенінде орналасқан «Келес Пласт» ЖШС қайта өңдеу цехында пленка, пресс жіп, жылыжайға арналған қысқыш, көшет өсіруге арналған стакан өнімдері шығарылады. Жергілікті тұрғын Нұржан Умаров жетекшілік жасайтын кәсіпорында жылыжай шаурашылығына қажетті заттар шығарылып, шаруалар арасында сұранысқа ие болып отыр. Жобаның жалпы құны – 150 млн. теңге. Кәсіпкер өз қаражаты есебінен 127 млн. теңге жұмсаса, ал несие қаражаты есебінен 23 млн. теңге алып, жобаны жүзеге асырған. Кәсіпорын 2018 жылы қолданысқа берілген. Біртілек ауылдық округі аумағында орналасқан «Оразов Ермахан» шаруа қожалығында ашық егістік жерден жылына 2-3 рет көкөніс өсіретін және жылыжай шаруашылығымен де айналысатын шаруа қожалығының басшысы Сейдахмет Бижігітов 6 гектар аумаққа қырыққабат, дәндік жүгері, жоңышқа, қияр сынды өнімдерді өсіріп, 4 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жобаның жалпы құны – 9 млн. теңге. Бір жылда 820 тонна көкөніс өсіріледі. Елімізде жылыжай шаруашылығы дамып келеді. Тағы бір қуанышты жаңалық, жылыжай шаруашылығына қажетті заттар Түркістан облысында шығарылады.