Экономика Жекеменшік 13 мектеп салынуда Редактор 27.10.2022 14451 1 оқу мин Бүгінде Түркістан облысында кәсіпкерлер мектеп салуға бет бұра бастады. Балаларға рухани азық беретін білім бесіктерінің қатары көбейіп келеді. Олыс экономикасына қомақты үлес қосып отырған кәсіпкерлердің игілікті іске бет бұрғаны қуантады. Биыл Түркістан облысында облыстық бюджет есебінен жаңа 22 мектептің құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде жекеменшік 13 мектеп бар. Қазіргі таңда 6 мектеп толық аяқталған. Ал қалған 16 мектеп жыл соңына дейін қолданысқа берілмек. Республика күні мерекесі қарсаңында Қазығұрт ауылында 150 оқушыға арналған жекеменшік мектеп, Сарыағаш қаласында 900 балаға, ал Сайрам ауданында 1 200 орынға лайықталған жекеменшік мектеп ашылды. Сондай-ақ, Сайрамдағы Қарабұлақ ауылында 400 орындық мектеп, Түркістанда 500 орындық дарынды балаларға арналған білім ордасы және 250 бүлдіршінге арналған балабақша ел игілігіне тапсырылған болатын. Айта кетсек, Түркістан облысында апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында 2025 жылға дейін жаңа 199 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 13632 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 14471 Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 23752