Экономика Түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды Редактор 29.10.2022 6828 1 оқу мин Сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынақ зертханалары нарықта тұтынылатын өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігі фактілерін белгілейді. Тауарларды Қазақстанның кедендік аумағында еркін айналымға шығару үшін импорттаушылар ЕАЭО аккредиттеуден өткен субъектілері берген сертификаттарды немесе сәйкестік туралы декларацияны ұсынады. Бұл құжаттар импорттық өнімнің қауіпсіздігін растау болып табылады. Алайда, ЕАЭО елдерінің заңнамасындағы айырмашылықтарының салдарынан, яғни ЕАЭО-ның басқа мемлекеттерінің жеке аккредиттеуден өткен субъектілерінің сәйкестігін растау бойынша белгіленген ережелерді елемеуінен, қазақстандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етеді. Осыған орай, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында мемлекеттік кірістер және техникалық реттеу органдарымен бірлесе отырып, тауарларды импорттаушы кәсіпкерлер арасында күмәнді сәйкестік сертификаттары бойынша өнімдерін әкелгені үшін, сондай-ақ мұндай өнімді айналымға шығаруға тыйым салынғаны туралы, сонымен қатар, бұл заңбұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын тәуекелдер мен құқықтық шектеу шаралары туралы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Бүгінде қазақстандық өнімнің сапасын арттыру үшін кәсіпкерлер барынша атсалысуда. Тауарларын импорттаушы кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады. Экономиканың драйвері кәсіпкерлік саласында өнімін экспорттаушы кәсіпкерлер қатары көбейіп келеді. Олар өз кезегінде облыс экономикасының қарыштап дамуына барынша үлес қосуда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 15517 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 36568 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 49194