Экономика Қызылшаға сұраныс көп Редактор 30.10.2022 16324 1 оқу мин Қызылшаның адам ағзасына пайдасы өте көп. Ғалымдар қызылша шырынының қан тамырларды кеңейтіп, қан тарауын күшейтетінін дәлелдеген. Қою қызыл көкөністер тағамдарыңыздың сәнін келтіріп қана қоймай, пайдалылығын арттыра түседі. Себебі қызылша – өте пайдалы көкөніс. Қызылшаны сүйіп жейтін адамдардың шашы жылдам өсіп, қалыңдап, жылтырай түседі. Оған қызылша қабығының астында көп мөлшерде кездесетін В дәрумені ықпал етеді. Бүгінде осындай түрлі дәрумендерге бай болған өнімді өсіруді Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданы тұрғындарыда аса қызығушылықпен қолға алған. Солардық бірі Иіржар ауылдық округінің тұрғыны Уразалиев Азимжон. Жас кәсіпкер Азимжон 2 гектар жерге «GAVRISH RОSSISKI» сортын егіп жетілдірді. Бұл аса пайдалы өнімге сұраныс өте көп. Шаруаның жәйін жақсы білетін дихан бір жерден екі рет өнім алып отыр. Осы жерге алғашқы егілген өнімі қырыққабат болатын. Қызылша қияр, қырыққабат, картоп өскен топырақта жақсы өседі. Қызылшаның ересек өсімдігі біршама суықты көтереді. Биылғы күн райы да шаруаларға қолай¬лы. Күз мезгілінде жауын-шашын да аз болып, табиғаттың өзі оларға қара¬сып тұрғандай. Бүгінде тәтті түбір өн¬ді¬ру¬¬шілерге облыс тарапынан да қо묬дау аз емес. Облыс¬та қант қызылшасының аумағы жыл өт¬кен сайын ұлғайып келеді. Соның арқасында шаруалар қант қы¬зыл¬шасының тұқымын ешбір делдалсыз, бастапқы бағасымен сатып алатын болады. Күз мезгілінің де жуан ортасынан ауып тәтті түбірдің жиналу нау¬қаны аяқталуға таяу. Өткен жылмен салыс¬тырғанда өңірде қант қызыл¬шасын егу қарқын алып келеді. Алдағы уақытта жеке кәсіпкер қызылша егістігінің ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 259230 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 281178 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 287386