Экономика Ұлттық жоба табысты жүзеге асырылуда Редактор 30.10.2022 4672 1 оқу мин ???????????????????????????????????? Ұлттық жоба табысты жүзеге асырылуда «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы Түркістан облысында табысты жүзеге асырылуда. Экономика өрге өрлесе халықтың тұрмысы да жақсаратыны сөзсіз. Көпшіліктің игілігіне қажетті барлық кешендер салынады. Осы бағытта бүгінде Түркістан обысына қарасты Төлеби ауданында жұмыстар атқарылуда. Спорттық инфрақұрылымдарды дамыту мақсатында 2022 жылы аудандық бюджет есебінен 3 нысанның құрылысы жүргізілді. Оның ішінде Сұлтан Рабат елді мекеніндегі спорт алаңшасын қоршалып, Ұзынарық елді мекеніндегі спорт алаңшасына газон төселіп, Зертас елді мекеніне спорт алаңшасын орнатылды. Одан өзге Ленгір қаласының Шахта Тогыс елді мекенінде ашық футбол және баскетбол алаңшасының құрылыс жұмыстары толық аяқталып, ел игілігіне берілді. Сондай-ақ, «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында құны 608 млн теңге болатын Бірінші Мамыр елді мекенінде заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешенінің және футбол алаңшасының құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Көксәйек елді мекенінде спорттық сауықтыру кешенін салу үшін жобасы тиісті салалық басқармаларға қаржыландыру ұсынылды. Ауданның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған «Үлгілі елді мекен», «Үлгілі көше», «Үлгілі аула» байқауының жеңімпаздарына заманауи балалар ойын алаңшаларының құрылысын жүргізуге 37,5 млн теңге қаржы бөлініп, Ұзынарық, Көксәйек, елді мекендеріне ойын және спорт алаңдары орнатылды. Сондай-ақ, халық сұранасына сәйкес, І мөлтек аудандағы көпқабатты тұрғын үйлерге 9 балалар ойын алаңшасы мен спорт қондырғылары қойылды. Аталған жобаларды іске асыру арқылы спорт инфрақұрылымдарын оның ішінде шалғай елді мекендерде демеушілер есебінен ашық спорт алаңдарын салу арқылы спортпен шұғылданушылар санын 2025 жылға дейін 45 пайызға өсіру жоспарланып отыр. Жайылымдық жерлерді халықтың мұқтажына алу мақсатында биылғы жылы комиссия жұмысының нәтижесінде 4500 — ден астам га жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Тұрғын үйлерді іске қосу шаршы метрі 2022 жылдың басынан бері 19450 шаршы метрді құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,5 пайызға орындалды. (облыстық көрсеткіш 144,5 пайыз. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 1 млрд 580 млн теңгеге Ленгір қаласында 120 пәтерлі 9 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп, 6 дана көп пәтерлі тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Нәтижесінде 7316 шаршы метр іске қосылды. Ал қалған 3 дана тұрғын үйдің құрылыстары ағымдағы жылдың қазан айында аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда. Нәтижесінде 3658 шаршы метр тұрғын үй іске қосылады. Сонымен қатар, Ленгір қаласы І мөлтек ауданы аумағынан 9 дана 60 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыстарының сметалық құны 7 млрд 786 млн теңге болатын және Базарная және Қ.Дүйсемұратұлы көшелеріндегі 5 қабатты 40 пәтерлі 4 дана тұрғын үйлердің сметалық құны 1 млрд 817 млн теңгені құрайтын жобалар әзірленіп, сараптамалардың оң қорытындылары алынып қаржыландыру үшін салалық басқармаларға ұсынылды. Ал, Алатау мөлтек ауданындағы 3 класстағы тұрғын үйлердің құрылысын жүргізіуге жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, сараптамадан өткізу жұмыстары демеушілер есебінен жүргізілуде. Халықты тұрғын үй салуға жер телімдерімен қамту мақсатында 216,7 гектар немесе 1007 жер телімін құрайтын 5 (Көксәйек, Зертас, Бірінші Мамыр, Қаратөбе, Қайнар) елді мекендерде инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылыстарын (ауыз су, электр жүйесі) республикалық бюджет есебінен жүргізу үшін 1 млрд 264 млн теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Қаратөбе, Көксәйек, Зертас, Қайнар елді мекеніндегі жаңа массивке инженерлік-коммуникация жүйелерінің (электр жүйесі, ауыз су) құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Ал, Қаратөбе (ауыз су), Бірінші Мамыр (электр жүйесі, ауыз су), Қайнар (ауыз су) нысандарының құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңында аяқталады. Ағымдағы жылы Бірінші Мамыр елді мекенінің инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылыстарын (табиғи газ) бастау үшін Ұлттық қор есебінен 109,2 млн тенге қаралып, құрылыс жұмыстары басталуда. Ленгір қаласының Алатау мөлтек ауданына (электр жүйесі, автомобиль жолдары), инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысын ағымдағы жылы бастау үшін республикалық бюджет есебінен 100,0 млн теңге қаралып, жұмыстар басталуда. Нысан 2023 жылға ауыспалы. Одан өзге, Ленгір қаласы Шаңырақ мөлтек ауданында инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, сараптамадан өткізу жұмыстары демеушілер есебінен жүргізілуде. Қала тұрғындарын толғандырған кәріз жүйесіне қатысты мәселені шешу мақсатында 40 га жер бөлініп, оның құжаттары заңдастырылды. Жаңа кәріз жүйесін іске қосу үшін құрылыс жұмыстарының жоба-сметалық құжаттары дайындалды. Жоба құны 2,6 млрд теңгені құрайды. Қаржыландыруға облыстық салалық басқармаларға ұсынылып, облыстық мәслихаттың сессиясына қаралып, қолдауға ие болды. Қазіргі кезде жоба қаржыландырылып, «3-Кәріздік тазарту қондырғысының» (КОС-3) құрылысын бастау мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Нысан аяқталғаннан кейін тазаланған шайынды суды кәріз орналасқан 7 мың текше метрді құрайтын екі фильтрлік алаңға жинақтап, шыққан су егістік алаңдарына жіберу жоспарлануда Тұрғын үймен қамту бойынша: Бүгінге барлығы – 4890 азамат тұрғын үй кезегіне тіркелген. (Оның ішінде: «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатында – 338; «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санатында – 1998; «Көп балалы отбасылар» санатында – 1043; «Мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлері» санатында – 1510 және «Жалғыз, тұрғынжайы авариялық жағдайда деп танылған» санатында – 1 азамат). 2022 жылы 117 отбасы тұрғын үймен қамтылды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 1 оқу мин Экономика САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 23.11.2024 2530 ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 21.11.2024 10207 ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 120 МЫҢ ДЕМАЛУШЫНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН ТАУ ШАҢҒЫСЫ КУРОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 120 МЫҢ ДЕМАЛУШЫНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН ТАУ ШАҢҒЫСЫ КУРОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.11.2024 67376