Экономика Мақта зауыттарының өкілдерін диқандармен тікелей кездестірді Редактор 30.10.2022 6223 1 оқу мин Ала жаздай кетпенін күнге сүйдіріп, бел жазбай еңбек еткен шаруалардың өндірген өнімінің жемісін көретін уақыты туды. Ақ алтын мекені саналатын Шардарада бүгінде мақта бағасына қатысты мәселенің түйінін тарқату қажеттігі туындап отыр. Түркістан облысына қарасты Шардара ауданындағы Алатау батыр ауылдық округінде аудан әкімінің орынбасары А.Таженов, AISISI ЖШС,AIIG ЖШС, МЫРЗАКЕНТ ЖШС мақта зауыттарының ресми өкілдері мен шаруалар мақта бағасының мәселесі бойынша жиын өткізді. А.Таженов мақта зауыттарының өкілдерін диқандармен тікелей кездестіріп, ақ алтынның бағасын талқылады. Жиын барысында зауыт өкілдері диқандарға қазіргі таңда 250 теңгеден аванс беріп жатқандарын айтып, нақты бағаны нарықтағы мақта бағасының мөлшеріне қарай қоятынын алға тартып, бағаны әлемдік нарықтағы сұраныс шешетіндін жеткізді. Оған қоса, зауыт өкілдері алдағы уақытта мақта бағасының қазіргі аванстық бағадан неше есе көтерілетіндігі белгісіз деді. Ал кездесуге арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары А.Таженов еліміздегі мемлекет тарапынан мақта бағасын тиімді тұрақтандыру бойынша жұмыстар жасалынып жатқанын атап өтті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 259230 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 281178 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 287386