«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқып, 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант алған азаматтардың бірі — Жамбыл ауылының тұрғыны Айбек Таңатар. Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданындағы Шаян ауылындағы жалғыз аяқ-киім жөндеу шеберханасын жүргізіп отырған шебер. Таңатардан басқа аяқ-киім тігу немесе жөндеу шеберханасын ашамын деген қайтарымсыз грантқа құжат тапсырған аудандағы жұмыссыз азаматтар арасынан өкінішке орай, ешкімді кездестірмеппін. Әйтпесе ондай шеберхана әр ауылға қажет. Күнделікті Жамбыл ауылынан аудан орталығына қатынап жұмыс істейді. Елдің көпшілігі бір аяқ- киімді лақтырып тастап, жаңасын кимейді. Мүмкіндігінше, маусымына қарай,кеткен жерін жөндетіп,ары қарай кәдеге жаратады. Міне,осындайда, аудан тұрғындарының іздейтін адамы — Таңатар. Таңатар ешкімге «жоқ»- демейді. Қолынан келгенінше,алдына келген адамды разы қылуға тырысады. Еңбегіне қарай өнбегі, бір қарағанда майда тірлік болып көрінгенімен кәсіпкерліктің денін осындай шағын кәсіп иелері дамытып отыр. Олыс экономикасына тамшыдай болса да өз үлесін қосып отыр.