Экономика Балық басын көбейту жұмыстары жүргізілуде Редактор 30.10.2022 17188 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Шардарадағы «Хамит» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің балық өнімдері бүгінде тек қана елімізде ғана емес Германия, Қытай, Латвия, Литва, Франция елдеріне де экспортталып жатыр. Түркістан облысы, Шардара ауданында орналасқан «Хамит» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінде бүгінде 250 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Бүгінде аталған мекеме жұмысшыларының жалақылары да жоғары. Сондай-ақ кәсіпорында өнім сапасын арттыру мен еңбек ету ортасын қауіпсіздендіру мақсатында ыңғайлы барлық жағдайлар жасалған. Балықты тазалаудан бастап, мұздатылған және ысталған дайын өнім түріне дейінгі жұмыс процесін жүргізетін зауыт өткен жылы 2550 тонна дайын өнім өндірген. Зауыт басшылығы алдағы уақытта шардаралық балықтарды отандық брендке айналдырып, өнім сапасы мен көлемін арттыруды көздеп отыр. Зауыт жыл сайын балық шаруашылығына қатысты семинарлар өткізіп тұрады. Әрі селекция жұмыстарымен да айналысады. Жуырда Шардара су қоймасына 550 мыңдай балық шабақтары жіберілді. Көлемі 20 грамм болатын 500 000 дана біржазғы сазан (тұқы) және 45 643 дана біржазғы дөңмаңдай шабақтары Шардара су қоймасына жіберілді. Балықтандыру жұмыстарын «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін басқару, сақтауды және дамытуды қамтамасыз ету» 256-бюджеттік бағдарламасының «Жануарлар дүниесі ресурстарын сақтауды, өсімін молайтуды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету» 102-кіші бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде “ХАМИТ” ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жүргізіп отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 4700 Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 14894 ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 27.02.2026 11719