Мәселелер жоспарға сай рет-ретімен шешімін тауып келеді Биыл Түркістан облысы, Түлкібас ауданында экономикалық көрсеткіштер жоғарылап келеді. Ауданда ауыл шаруашылығы саласы қанат жаюда. Соған сай халықтың қолайлы тұрмыс кешуі үшін де барлық жағдай жасалуда. Жуырда Түлкібас кенті мен Абай, Жаскешу, Жаңаталап, Жабағылы, Керейт, Т.Рысқұлов, Ынтымақ елді мекендерінде тозығы жеткен 782 электр бағанасы мен 32,55 шақырым электр желісі жаңартылды. Соның ішінде 155 бағана мен 7,9 шақырым жоғарғы кернеулі электр желісін, 627 бағана мен 21,15 шақырымы төменгі кернеулі электр желісін құрайды. Бұдан бөлек тозығы жеткен 5 трансформатор жаңартылып, электр қуаты төмен 2 елді мекенге қосымша 2 трансформатор орнатылып отыр. Бұл туралы аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен өткен кезекті лездемелік жиында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің Түлкібас аудандық электр желілері бөлімінің басшысы А.Досов мәлімдеді. Сонымен қатар ауданда тұрғындар тарапынан көтерілген үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету, ескірген электр бағаналарын ауыстыру сынды мәселелер жоспарға сай рет-ретімен шешімін тауып келеді.