Экономика Бірегей жобалардың бірі болмақ Редактор 02.11.2022 3348 1 оқу мин Бірегей жобалардың бірі болмақ Бүгінде Түркістан облысында күн электр станциялары көптеп салынып жатыр. Бұл жобалар жасыл экономика саясатына сәйкес келеді. Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуына ықпал етеді. Атмосфераға СО2 шығарындыларын азайту жылына 6048 т құрайтын болады. Ерекше жобаның артықшылықтары өте көп. Оны іске асыру барысында қосымша жұмыс орындары құрылды. Сонымен қатар, электр энергиясы көзінің таусылмайтынын және қол жетімділігін атап өткен жөн. Түркістан облысы, Келес ауданында құны 12 миллион долларды құрайтын күн электр станциясы салынады деп жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарын «UBS KZ» және «UBS Solar» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жүзеге асырады. Жаңадан құрылған Келес ауданында өндіріс орындары да, жаңа жобалар қатары да артып келеді. Аталмыш станцияда аудандағы бірегей жобалардың бірі болмақ. Бұл жоба Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округі аумағында салынатын болады. Ол үшін арнайы 50 гектар жер аумағы бөлінген. Алып аумақта орын тебетін станцияда 20 адам жұмыспен қамтылатын болады. Алдағы уақытта одан да көп жұмыс орындары ашылуы мүмкін. Мұндай инвестициялық жобалар Түркістан облысының экономикалық өркендеуін өрге бастыратын болады. Инвесторлар шалғайдағы ауылға келіп жаңа технологияларды енгізе отырып, ауданның дамуына септескелі отыр. Ауылдық округ үшін ғана емес ауданның да экономикалық көрсеткішінің жоғарылауына септесетін мұндай жабалар алдағы уақытта көптеп қолға алынбақ. Өз кезегінде күн электр станциясы аймақтаға тұрғындардың сапалы электр қуатымен толық қамтитын болады. Жоспар бойынша аталмыш станция сағатына 20 мВт электр қуатын өндіруге қауқарлы. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории МАҚТААРАЛДЫҢ ҚЫРЫҚҚАБАТЫ ӨЗГЕ ЕЛДЕРГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА 1 оқу мин Экономика МАҚТААРАЛДЫҢ ҚЫРЫҚҚАБАТЫ ӨЗГЕ ЕЛДЕРГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА 30.04.2024 1847 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 10 ТОННА ҚҰЛПЫНАЙ ӨНІМІН БЕРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Экономика САУРАНДА ЖЫЛЫНА 10 ТОННА ҚҰЛПЫНАЙ ӨНІМІН БЕРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ 29.04.2024 2441 Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 1 оқу мин Экономика Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 25.04.2024 3728