Инвестицияның жыл қорытындысымен жоспар 34,5 млрд. теңге жоспарланып отыр Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде негізгі индикаторлардың 10 айда орындалуы кеңінен қаралды. Аталған мәселе бойынша бөлім басшысы Е.Серікбаевтің баяндауынша, ауданды дамытуға бағытталған негізгі капиталға инвестицияның жыл қорытындысымен жоспар 34,5 млрд. теңге жоспарланып отыр. Ауданның негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 31,6 млрд. теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, өсім 246,8% немесе 18,8 млрд. теңгеге артып отыр. Сала бойынша өнім көлемінің жоспары 43500,0 млн. теңге, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемінің жоспары 36963,7 млн. теңге. Ауданда 68 бірлік өнеркәсіптік кәсіпорындармен 43,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өнім көлемі 142,6%-ға көбейген. Тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері бойынша 16609 бірлік болса, 17344 бірлік тіркелді. Белсенді жұмыс істейтіндер саны 15893 бірліктен 16867-ге жетті. Оның ішінде заңды тұлғалар — 1182, жеке кәсіпкерлер — 7818, шаруа қожалықтары — 7867. Мұнан бөлек, туризм бағытында Ақсу, Арыс, Көлкент, Құтарыс, және Қарасу ауылдық округтерінде спорт кешендері іске қосылды. Ауыл шаруашылығын дамытуға тартылған инвестиция есепті мерзімде ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6329,6 млн.теңгені құрады. Оның ішінде, тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 619,8 млн.теңге, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 186,6% құрады. Ауыл шаруашылығындағы нақты көлем индексі бойынша өнім көлемі 93,4 млрд. теңге, өсімдік шаруашылығының өнім көлемі 44,7 млрд. теңге, мал шаруашылығының өнім көлемі 48,7 млрд. теңгені құраған. Бұдан бөлек, 10,405 га жылыжай іске қосылып, аудандағы жалпы жылыжай көлемі 63,365 га құрады. Оның ішінде «Зәуре» шаруа қожалығының «6 га жер телімінде өнеркәсіптік жылыжай құрылысы» жобасы іске қосылды. Одан басқа, фермерлік шаруашылықтар есебінен 4,405 га жер телімінде жылыжайлар іске қосылды. Жылыжайлардың жалпы саны — 170 бірлік. Биыл 1 айналымында 1145 тонна қызанақ, 2224 тонна қияр және 54 тонна қырыққабат жиналды. Сайрам ауданының ауыл шаруашылығы саласында 6 инвестициялық жобалар іске қосылған. Есепті мерзімде ауданда 115 ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылған. Бір алқаптан 2-3 өнім алу жобарын іске асыру агроқұрылымдар бірінші өнім алу үшін 306,2 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Атап айтқанда, 285,11 га картоп, 17,53 га қырыққабат, 3,40 га қияр егілді. Екінші өнім алу үшін болгар бұрышы, баялды, қияр және тағы басқалары егілген. Ауыл шаруашылығында 52795 гектар егістік жер игеріліп, дәнді және бұршақты дақылдар 22,5 мың га, майлы дақылдар 6,7 мың га егілген, көкөністер мен бақша дақылдары 10,2 мың га, 13,4 мың га азықтық дақылдар егілген. Қарқынды бау шаруашылығында 5 шаруа қожалықтары есебінен 35 га қарқынды бау егілген. Бау өсіру шаруашылығында 22750 тонна жеміс-жидек жиналған. Оның ішінде 18001 тонна алма өндірілген. ІҚМ саны 238,5 мың бас, құстың барлық түрі бойынша 178,5 мың бас бар. Құс басы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, 13,5 мың басқа артқан. Аналық ІҚМ тұқымдық түлендіру. Бұқашықтарды бордақылау алаңдарына өткізу Есепті мерзімде 338 бас аналық ІҚМ тұқымдық түлендірілді, 367 бас бұқашық бордақылау алаңдарына өткізілді. Құс өсіру шаруашылығында 13282,6 мың дана тауық жұмыртқасы өндірілген. Ет өңдейтін кәсіпорындары «АЛМА» АШӨК, «ДС и БРАТЬЯ» ЖШС- терінде 685 тонна шұжық өнімдері өндірілген. Есепті мерзімде ауданға қарасты балық өндіретін Қайнарбұлақ ауыл округіндегі «Көмешбалық» ЖШС-і 703 тонна балық өнімдерін өндірген. Бөлім басшысы саладағы өзге де көрсеткіштерді таныстырды. Мәжіліс соңында аудан әкімі жоғарыдағы салаларда орындалатын негізгі көрсеткіштердің жыл қорытындысымен қайта қаралатынын ескертіп, өнім көлемін арттыру бағытында нақты жұмыстарды жүргізуді тапсырды.