Жеңілдетілген несие алып кәсібін жүргізіп отыр ЖК Байбатшаева З.Қ. «Атамекен-Түркістан» МҚҰ-нан, өз кәсібі «BK CLINIC» тіс емханасына қажетті медициналық құрал-жабдықтар алу мақсатында Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Түлкібас ауданы филиалы мамандарының сүйемелдеуімен жеңілдетілген несие алып кәсібін жүргізіп отыр. Қазіргі таңда тіс емханасы 3 дәрігерді жұмыспен қамтып отыр. «BK CLINIC» тіс емханасы бірнеше қызмет түрлерін ұсынады: балалар массажы, электрофорез, парафинотерапия , электромиостимуляция , ЛФК, Фитбол, УФО қызметтері бар. Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, ҰОС ардагерлеріне, 1,2,3 топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға, Алтын алқа, Күміс алқа иегерлеріне, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, зейнеткерлерге тегін стоматологиялық қызмет көрсетуде.