Келестік делегацияның жұмыс сапары Ферғана облысында жалғасты Түркістан обысына қарасты Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев бастаған делегацияның Өзбекстан Республикасына жасаған іссапары жалғасуда. Аудан басшысы бастап барған топ көрші елдің Наманган облысының Наманган ауданында орналасқан «Ботыржон Исаев» фермер қожалығында болып, шаруаның атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. 108 гектар аумақты алып жатқан фермер қожалығында сыйымдылығы 400 тоналық қойма жұмыс істеуде екен. Сонымен қатар мақта, бидай, анар және жүзім өнімдерін егіп, шаруа жер ананың мүмкіндіктерін толықтай пайдалануда. — Осы шаруаның жұмысын Келес ауданында жүзеге асыруға толық мүмкіндік пен жағдай бар. Ауданымыздың климаттық мүмкіндіктері ауылшаруашылығы саласына бейім келгенін ұтымды пайдалануымыз керек. Жасыратыны жоқ, кей шаруаларымыз жерді артығымен алып пайдаланбай жатқандарын анықтаудамыз. Сол азаматтарға көрші елдің шаруалары атқарып жатқан жұмыстарды насихаттап, мүмкіндіктерін аңғартуымыз керек. Міне көзбен көріп, кішкентай ғана жердің мүмкіндігін толықтай пайдаланып, ішкі нарықты толықтай өніммен қамтып отыр, — дейді Келес ауданының әкімі А.Есбаев. Келестік делегацияның жұмыс сапары Ферғана облысындағы Алтыарық ауданындағы «Хайрулла Бохрам» фермер қожалығының жұмыстарын көрумен жалғасты. «Хайрулла Бохрам» фермер қожалығы 8 гектар аумаққа жүзім егіп, оны сақтауға арналған сыйымдылығы 360 тоннаны құрайтын қойманың және мал бордақылау алаңының технологияларымен танысты.