Экономика Кәсіпкерлер мектеп салуға сүбелі үлес қосуда Редактор 10.11.2022 6850 1 оқу мин Кәсіпкерлер мектеп салуға сүбелі үлес қосуда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалық етуімен өткен жиналыста орта білім саласындағы өзекті мәселер талқыланды. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының баяндауынша, апатты және үш ауысымды мектептерді азайту бағытында жұмыстар күшейтілген. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жыл аралығында Түркістан облысында 60-тан астам заманауи мектеп салынады. Түркістан қаласындағы жалпы – 33 мемлекеттік, 26 жекеменшік мектеп ұйымдарында 50 841 оқушы білім алуда. 2022 жылы 2 мектеп күрделі жөндеуден өтті (Төле би №19 және М.Пошанов №21) және Бірлік тұрғын алабында 1 жекеменшік мектеп салынуда. 2023 жылы – 6 мемлекеттік мектеп (ӘІО — 3200 орынды 2 мектеп, «Яссы» м/а – 2100 орынды 2 мектеп, «Шауғар» м/а – 600 орынды 1 мектеп, «Бекзат» м/а 1200 орынды 1 мектеп) салу жоспарлануда. 2024 жылы – 3 мемлекеттік мектеп («Яссы» м/а– 1200 орынды 1 мектеп, «Шауғар» м/а– 600 орынды 1 мектеп, ӘІО– 2000 орынды 1 мектеп) салу жоспарлануда. Жалпы соңғы әлетте облыс экономикасына сүбелі үлес қосып жүрген кәсіпкерлер білім ошақтарын салуға бет бұра бастады. Әсіресе Сайрам ауданының кәсіпкерлері мектеп салудан көш басында тұр. Қаржыны көп қажет ететін құрылысқа қаржы салған кәсіпкерлер әэкономикадан бөлек, әлеуметтік саланың да әлеуетін арттыруға күш салуда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 1 оқу мин Экономика САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 23.11.2024 8514 ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 21.11.2024 15360 ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 120 МЫҢ ДЕМАЛУШЫНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН ТАУ ШАҢҒЫСЫ КУРОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 120 МЫҢ ДЕМАЛУШЫНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН ТАУ ШАҢҒЫСЫ КУРОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.11.2024 72632