Экономика Жыл он екі ай өнім өсіреді Редактор 12.11.2022 14365 1 оқу мин Жыл он екі ай өнім өсіреді Түркістан облысына қарасты Келес ауданындағы Біртілек ауылдық округі аумағында орналасқан «Оразов Ермахан» шаруа қожалығы бүгінде қарқынды дамып келеді. Серіктестік басшысы ашық егістік жерге жылына 2-3 рет көкөніс өсіріп, өнімін молынан жинап отыр. Онымен ғана шектеліп қалмай жылыжай шаруашылығымен де айналысады. Шаруа қожалығының басшысы Сейдахмет Бижігітов 6 гектар аумаққа қырыққабат, дәндік жүгері, жоңышқа, қияр сынды өнімдерді өсірумен айналысуда. Жергілікті тұрғындардан төрт адамды жұмыспен қамтып отыр. Жобаның жалпы құны – 9 миллион теңгені құрайды. Бір жылда 820 тонна көкөніс өсіріледі. Әрине жер ананы өңдеп өнімін алып отырған шаруа оның нәсібін де көретіні анық. Ашық егістікте де, жылыжайда да өсірілген өнімдердің жерде қалғаны жоқ. Барлық өнімге сұраныс мол. Шаруа қожалығының иесі алдағы уақытта иелігіндегі жер көлемін көбейтіп, өсіретін өнім ауқымын да арттыруды жоспарлап отыр. Соған сай жергілікті тұрғындарға да екі қолға бір күрек тауып бермек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 4700 Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 14894 ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 27.02.2026 11719