Экономика Сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда Редактор 14.11.2022 4886 1 оқу мин Сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда Бүгінде Түркістан облысында инвестициялар тарту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта Өзбекстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасымен іскерлік-экономикалық байланыстар арта түспек. Жуырда Түркістан облысының Инвестициялар және экспорт басқармасы «Turkistan Invest» компаниясымен бірлесе отырып, Хорезм облысының әкімдігімен кеңес өткізді. Онлайн отырыста екі елдің өңірлері арасындағы мақта өңдеу, тері өндірісі, жылыжай шаруашылығы сияқты салалардағы өндірістік кооперацияны тереңдету және сауда байланыстарын кеңейту мәселелері талқыланды. Келіссөздер қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың желтоқсан айында Хорезм облысы өкілдерінің облысымызға сапарын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Сондай – ақ, Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Қайрат Азимов Қырғыз Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулымен кездескен болатын. Басқарма басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қысқаша тоқталып, мұнда инвестиция тартуға жайлы жағдай жасалғанын, аймақтың туристік әлеуеті мол екенін айтты. Өз кезегінде бас консул Назарали Арипов бауырлас елмен кез — келген салада бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта мәдени-танымдық, іскерлік байланыстарды жандандыруға уағдаласты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории МАҚТААРАЛДЫҢ ҚЫРЫҚҚАБАТЫ ӨЗГЕ ЕЛДЕРГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА 1 оқу мин Экономика МАҚТААРАЛДЫҢ ҚЫРЫҚҚАБАТЫ ӨЗГЕ ЕЛДЕРГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА 30.04.2024 2200 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 10 ТОННА ҚҰЛПЫНАЙ ӨНІМІН БЕРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Экономика САУРАНДА ЖЫЛЫНА 10 ТОННА ҚҰЛПЫНАЙ ӨНІМІН БЕРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ 29.04.2024 2902 Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 1 оқу мин Экономика Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 25.04.2024 4000