Экономика Ағаш бұйымдарын жасау кәсібін бастады Редактор 24.11.2022 17870 1 оқу мин Ағаш бұйымдарын жасау кәсібін бастады Еңбек адамының мерейін асырып, беделін көтеру бағытында еңбек адамдарын дәріптеуді қолға алған болатынбыз. Бүгінгі кейіпкеріміз – Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Көксәйек ауылының тұрғыны Нұрсұлтан Пернесейіт. Ол жастайынан қолөнерге қызығып, ағаш өңдеу жұмыстарымен айналысып келеді. Жоғары оқу орнында оқып жүргенде үйірмеге қатысып шеберлігін шыңдай түсті. Қызығушылығын кәсіпке айналдыру мақсатында ол «Еңбек» бағдарламасы бойынша гранттық конкурсқа қатысты. Бизнес жоспарын сәтті қорғап, ағаш бұйымдарын жасау кәсібін бастады. Грант қаражатына кәсіпке қажет станок алып, үйіндегі шеберханада ағаш бұйымдарын өңдеумен айналысуда. Жас кәсіпкердің айтуынша, өнімдерді тапсырыс бойынша жасайды. Ағаштан түйін түйген шебердің алғашқы өнімдерін туған-туыстары қолдау көрсетіп сатып алған. Қазіргі кезде шебердің қолынан шыққан дүниелерге тапсырыс берушілер саны артуда. Аталған кәсіпке туған інісін баулып, ағаштан бұйымдар жасауды үйретуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫ БАР «ЖАСТАР» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫ БАР «ЖАСТАР» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ 12.12.2024 124617 БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 200 МЛН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРЕТІН ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 200 МЛН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРЕТІН ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ 29.11.2024 147327 КЕНТАУДА БИЫЛ ЖЫЛЫНА 45 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика КЕНТАУДА БИЫЛ ЖЫЛЫНА 45 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 27.11.2024 154431