Әлеумет Сарыағашта жеңгетайлықтың 2 дерегі мен «жеңіл жүрісті» 26 қыз анықталды Редактор 27.12.2022 46144 1 оқу мин Түркістан облысының полицейлері жеңгетайлықтың 2 дерегі мен «жеңіл жүрісті» 26 қызды анықтады Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш қаласының аумағында жезөкшелікпен айналысу үшін жеңгетайлық пен притон ұйымдастырудың екі дерегін анықтап, жолын кесті. Жедел уәкілдер іздестіру іс-шаралары кезінде, интимдік қызметтерді ұсынғаны үшін ақша алған сауна, хостел әкімшілерін ұстады. Тергеу барысында Қазақстан мен Өзбекстанның 5 азаматынан құралған екі қылмыстық топ, яғни «жеңіл жүрісті қыздарды» жинап, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырғаны анықталды. Полиция қызметкерлері сауна мен «хостелді» қарау кезінде, ақшалай сыйақы үшін өздерінің интимдік қызметтерін ұсынған Өзбекстан азаматтары, яғни «жеңіл жүрісті» 26 қызды анықтап, жеткізді. Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК 309-бабы «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» бойынша СДТБТ-да тіркелді. Қолма-қол ақша және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 6096 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 7325 Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 14751