Экономика ҚАЛА ӘКІМІ ШАҒЫНАУДАНДАРДЫ САПАЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУДЫ ТАПСЫРДЫ Редактор 30.03.2023 17191 1 оқу мин Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Нұртас, Асар-2 шағынаудандарын инфрақұрылыммен қамту жұмыстарын тексерді. Қазір 18 мыңға жуық халқы бар Нұртас елдімекенінде кәріз жүйесін тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 62,6 шақырымды алып жатқан кәріз жүйесінің құрылысы 2024 жылы толық аяқталады. Құрылыс барысын қадағалаған қала әкімі энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысына жергілікті әкімдікпен бірлесе абоненттеу жұмыстары бастауды тапсырды. ????Асар-2 шағынауданында бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Бүгінде 15 мыңнан астам халық тұратын елдімекенде 24 шақырымдық газ жүйелері жүргізілген. Шағынауданды табиғи газбен толық қамту сәуір айының соңына дейін аяқталады. Қазір мұнда абоненттеу жұмыстары басталды. Жоспарға сәйкес елдімекен алдағы жылы сапалы электр қуатымен, кәріз жүйесімен толық қамтылады. ????Құрылыс жұмыстарын қадағалаған Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға инфрақұрылымдық жүйелерді жүргізуде тиісті талаптардың қатаң сақталуын бақылады тапсырды. Сонымен қатар барлық жұмыстардың сапалы, уақытылы атқарылуын назарда ұстауды ескертті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 12973 ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.05.2026 10217 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 14173