Экономика “БОЗАРЫҚ” ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫ БИЫЛ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ Редактор 02.04.2023 9506 1 оқу мин Қазір «Қайнар бұлақ» тұрғын алабы маңында «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағын құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов аймаққа арнайы барып, инженерлік инфрақұрылымымен танысты. ????132,9 га алып жатқан индустриалды аймаққа қазір су, кәріз жүйелері жүргізілуде. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға қосалқы станцияны іске қосып, кәсіпорындарды электр энергиясымен қамтуды тездету қажеттігін ескертті. Сондай-ақ инфрақұрылым жүйелерін биыл 90 пайызға аяқтауды тапсырды. “Мемлекет басшысы импортқа тәуелділікті азайтуды тапсырған болатын. Аймақта жергілікті өнімдерді терең өңдеуден өткізетін кәсіпорындар шоғырланады. Бұл қаламыздағы алғашқы агроиндустриалды аймақ болып құрылады” –деді қала әкімі. ????Биыл іске қосылатын индустриалды аймақта тамақ өнеркәсібімен айналысатын жалпы құны 29,5 млрд теңгені құрайтын 30 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Мұнда 1 жарым мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады. ????Сондай-ақ қала әкімі «Қайнар бұлақ» шағын ауданының инфрақұрылымымен де танысты. Мұнда қазір елдімекенді табиғи газбен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Газдандыру құрылысы алдағы жылы аяқталады. Нысан толық пайдалануға берілгенде 28 мыңнан астам абонент табиғи газға қосылады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 37831 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 55926 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 69029