Экономика МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ТІГІН ӨНДІРІСІНІҢ ЗАМАНАУИ КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫН МЕҢГЕРЕДІ Редактор 02.04.2023 5015 1 оқу мин Ақтау қалалық Оқушылар орталығында 6-11 сынып оқушыларына арналған білім беру үдерісіне тігін өндірісін оқытудың цифрлық бағдарламасы енгізілді. 30-ға жуық қыз балалар енді модельдеуді үйренетін болады. Маңғыстау облысы білім басқармасының хабарлауынша, оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамытып, озық технологиялармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады. Ол үшін үйірме жұмысына әлеуметтік серіктестер жобалауды автоматтандыру жүйесі мен 3D – манекен бағдарламаларын ұсынып отыр. Енді 6-11 сынып оқушылары цифрлық жүйеде моделдеуді меңгереді. «Тігін өндірісінің цифрлық технологияларын бұрын тек жоғары оқу орындары мен колледж студенттері ғана оқитын, енді мектеп оқушылары 3D манекенімен киімді компьютер арқылы модельдеу үйірмесінде автоматтандырылған жобалау жүйесін үйреніп, өз жұмыстарын 3D манекенмен өлшеп көреді. Үйірме тегін және бұл алғаш жүзеге асып отыр», — дейді орталық директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Алмагүл Кәрімова. Айта кетейік, оқушылардың үйірмеде жасаған жұмыстары «Цифрлы модольер» құзыреттілігі бойынша «JuniorSkills» қалалық чемпионатында көрсетіледі. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 261167 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 283100 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 289206