ҚР Энергетика министрлігінің жеткізу жоспары аясында биыл сәуір айында Түркістан облысына 10 236 тонна сұйытылған мұнай газы (СМГ) бөлінген. Оның ішінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ – 2 088 тонна, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПҚОП) – 8 148 тонна. Түркістан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мәліметінше, өңірде сұйытылған мұнай газының қоры жеткілікті, яғни 900 тонна бар. Қазіргі таңда «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ ресурстарынан 1271 тонна жөнелтілді. Сонымен қатар, 6 сәуір күні «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС ресурстарынан 576 тонна көлемінде қосымша газ бөлген. Бүгінде облысқа 10 вагон-цистерна (360 тонна) сұйық газ жеткізіліп жатыр. Ал 7 сәуір күні 25 вагон-цистерна (900 тонна), 8 сәуір күні 11 вагон-цистерна (396 тонна), 9 сәуір күні 13 вагон-цистерна (468 тонна) келеді деп жоспарланып отыр. Облыс бойынша сұйытылған мұнай газының жалпы қалдығы 960 тоннаны құрайды. Оған қоса 52 вагон-цистерна Қызылорда станциясында тұр. Еске сала кетсек, еліміздің бес өңірінде сұйытылған мұнай газының бағасы көтерілмек. Атап айтсақ, Алматыда – литріне 65-тен 75 теңгеге, Алматы облысында 70-тен 75 теңгеге, Шығыс Қазақстан облысында – 60-тан 70 теңгеге, Солтүстік Қазақстан облысында 70-тен 75 теңгеге және Абай облысында 60-тан 65 теңгеге көтерілмек. Еліміздің өзге аймақтарындағы сұйытылған мұнай газының бөлшек бағасы өзгеріссіз қалды.