Экономика Егістік жерді ағын сумен қамтуға қауқарлы Редактор 19.04.2023 17920 Су және жер ресурстарын тиімді пайдалануды анықтайтын суғару және дренаж мәселелері суландыру жүйесінің техникалық жағдайына тікелей байланысты болатыны белгілі. Ауыл шаруашылығы үшін ағын судың маңызы зор екендігі айқын. Сондықтан суағар каналдардың жәй күйі ұдайы бақылауда болуы тиіс. Жуырда Түркістан облысына қарасты Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев «Ақылбексай» су қоймасына барып, ондағы жағдаймен танысты. 2 000 гектар ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді ағын сумен қамтуға қауқарлы су қоймасында бүгінгі таңда 8 млн. 200 текше метр су жиналып тұр. Аудан басшысы су қойманың мүмкіндіктері және су тастау бағытындағы түйіткілдерді жауапты мамандармен талқылай келе, аудан әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаевқа нақты тапсырмаларды жүктеді. Жер емген, жерді түлетіп отырған дихандардың судан тарықтырмау жағын назарда ұстау қажеттігін ескертті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде алдыңғы қатардан көрініп жүрген аудан дихандары биыл да жақсы меже көрсетеміз деп отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 12408 ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.05.2026 9654 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 13470