Экономика Жылыжайдан мол өнім… Редактор 21.04.2023 12885 Жылыжайдан мол өнім… Түркістан облысы жылыжай шаруашылығы бойынша елімізде алдыңғы орында екені белгілі. Бүгінде облыста 1467,4 гектарды құрайтын 3 366 жылыжай бар. Республикадағы үлесі – 71 пайызды құрайды. Бұл әрине үлкен көрсеткіш. Демек еліміздегі жылыжайдың басым бөлігі күнгейде деген сөз. Маусымаралық кезеңде ішкі нарықты жергілікті өнімдермен қамтамасыз етіп, импорттық өнімдердің үлесін азайтуда жылыжай кешендері маңызды рөл атқарады. Бүгінде облыста тек елімізді ғана емес, шетелге де экспорт жасап отырған алып жылыжайлар жетерлік. Облыс бюджетін қомақтыландырудан бөлек, жергілікті тұрғындарды да жұмыспен қамтып, әлеуметтік салаға да үлес қосып отыр. Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылында да үлкен жылыжай бар. Күлтөбе мөлтекауданында орналасқан жылыжайдың егесі Мұхтар Мақүлбеков.Ұзақ жыл мамандығы бойынша ветеринар болып еңбек еткен шаруа бүгінде жылыжай шаруашылығын дамытып отыр. Отбасы мүшелері жабылып, алып жылыжайдан мол өнім алып отыр. 600 шаршы метр жерді алып жатқан жылыжайға қияр, болгар бұрышы егіліпті. Қазір алғашқы шабықтау жұмыстары жүргізілуде екен. Аз ғана уақыттан соң мұнда өнімді өткізу науқаны басталады. Дәмі тіл үйірер көкөністердің алармандары да аз болмасы анық. Ауыл тұрғыны осылайша өңірдегі агрокешеннің дамуына тамшыдай болса да үлес қосып отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 12408 ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.05.2026 9654 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 13470