Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту ісі қарқынды Түркістан облысының Сайрам ауданында ауыл шаруашылығының екпінді тармағы саналатын мал шаруашылығы қарқынды түрде дамып келеді. Саланы дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен несиелік жеңілдіктерді ұтымды пайдаланып келе жатқан сайрамдық шаруалар мал бордақылау кешендерін көптеп ашып, іске қосып жатыр. Түркістан облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту ісі қарқынды түрде ісі ілгерілеп келеді. Дәл осы уақытқа дейін қыруар іс тындырылды. Жүзеге асып жатқан жобалардың қатары да қалың. Сайрам ауданында жылдан-жылға мал бордақылау алаңдары артып келеді. Мәселен, қазірдің өзінде аудандағы 1 012 мал бордақылау алаңы бір мезетте 42 мың бас малды қамтуға қауқарлы. Облыс бойынша ағымдағы жылы 22 мың тонна ет экспортталған болса, оның 9 250 тоннасы яғни, 42 пайызы Сайрам ауданына тиесілі. Яғни, аймақ мал бордақылаудан облыс бойынша көш бастап тұр. Сайрам ауданындағы жалпы өңірлік өнім көлемі 140 миллиард теңгеге жеткен. Жалпы өнімнің 59 пайызы — ауылшаруашылығы саласына тиесілі. Жоспар бойынша жыл қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемін 166 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланған. Ауданда ауыл шаруашылығында 82 млрд теңгеге жуық өнім өндірілді. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, бір жерден жылына екі өнім алу жобасы аясында бірінші айналымда 267 шаруашылықта жалпы көлемі 274 гектарға жуық жерге, екінші айналымда жалпы көлемі 260 гектар жерге егістік егілген. Бүгінгі таңда 5 мың тоннаға жуық өнім алынды. Есепті кезеңде ет өндірісі – 12 пайызға, сүт – 5 пайызға, жұмыртқа – 6 пайызға артып отыр. Айта кетерлігі, Сайрам ауданындағы 42 елді мекен 100 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Сондай-ақ, аудандағы 42 елді мекеннің бүгінгі таңда 31 елді мекені табиғи газбен қамтылды. Биыл газбен қамту 74 пайыз-ға жетіп отыр. Ауыл шаруашылығын қарқынды дамытып отырған ауданда тұрғындардың тұрмысын жақсарту мәселесі де назардан тыс қалмаған. Еліміздің басым бөлігін ауыл шаруашылығы өнімдерімен және етпен қамтамасыз етіп отырған ауданның даму көрсеткіші жоғарылап келеді.