Экономика Жүгері жемі жоғары сұранысқа ие Редактор 23.04.2023 21295 «Дала аруы» атанған жүгері өсімдігі бүгінде жоғары сұранысқа ие. Мал шаруашылығына аса қажетті өнімді өсіретін шаруашылықтар жетерлік. Жүгері дәні әлі күнге дейін кондитерлердің арасында ұн ретінде, одан да мал шаруашылығы мен құс шаруашылығында сұранысқа ие. Өңірде теңдестірілген тамақтануды қажет ететін мал басы артып келеді. Аталмыш жем жүгеріден жасалады. Сондықтан да жүгері дәні таңдалады. Биылғы жылы болжам бойынша облыста жүгері дақылдарының егіс көлемі өткен жылдармен салыстырғанда екі мың гектарға жуық ұлғаймақ. Сәуір айының алғашқы онкүндігінде жылы күндерді таңдаған диқандар «Егіс ханшайымын» егеді. Жүгері дәніне сұраныстың артуы оны молынан егуге жол ашпақ. Мал шаруашылығымен айналысатын Ордабасы, Отырар, Арыс ауданы сүрлем дайындаумен айналысады. Былтыр 70 мың тонна сүрлем дайындалса, биыл одан кем болмайды деп күтілуде. Бірақ көп алқаптарда мақта өсірілетін облыстың оңтүстігінде де жүгері астық үшін ғана емес, топырақ құнарлығын сақтау үшін мақта ауыспалы егісінің қажетті элементі ретінде егіледі. Жүгеріден мал мен құсқа сіңімді жем дайындалуда. Күнгейде бірінші болып Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданы Қалыбеков ауылдық округінде үш гектар алқапқа егілді. Енді оны күтіп, баптау жұмыстары күтіп тұр. Бағымы жақсы жүгерінің алдағы уақытта мол өнім берері сөзсіз. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 263624 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 286038 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 292017