Түркістан облысына қарсты Төлеби ауданында биыл бір алқаптан 2-3 өнім алу бойынша меже 110 гектар, орындалуы 20 гектар, яғни 17,8 пайызға орындалып отыр. Тамшылатып суғару әдісін енгізу бойынша меже 100 га, орындалуы 17 га, яғни 17 пайызға орындалды. Қарқынды бау егу бойынша меже 80 га, орындалуы 5 га, яғни 6 пайызға орындалды. Алма өндірісі 16000 тоннаға жоспарланып отыр. Жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау қуаттылықтарын құру меже — 0,5 мың теңге болып отыр. Жаңа жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын ашу меже – 10 мың теңге. Ауылшаруашылығы техникалары паркін жаңарту бойынша меже – 66 бірлік, орындалуы 12 бірлік, яғни 18 пайызға орындалды. Мал шаруашылығы бойынша асыл тұқымды мал басын ұлғайту бойынша ірі қара мал басы меже – 3884 бас, орындалуы 3884 бас, яғни 100 пайызға орындалды. Қой басы меже – 20713 бас, орындалуы 20713 бас, яғни 100 пайызға орындалды. 1000 бастан жоғары бордақылау алаңдарын ашу меже — 1 бірлік (сыйымдылығы 1000 тонна), болып отыр. 200 бастан жоғары отбасылық құс фермаларын ашу меже — 1 бірлік (сыйымдылығы 400 тонна) болып отыр. 5000 бастан жоғары отбасылық құс фермаларын ашу меже – 4 мың бас, яғни алдағы уақытта меже орындалады деген жоспар бар. 4 ауылшаруашылығы кооперацияларын құру жоспарлануда. Жыл жылжыған сайын ауданда мал басын ұлғайту жоспары асыра орындалып келеді. Ірі қара мал басы меже – 66000 бас, орындалуы 70183 бас (өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,7 пайыз), яғни 103,0 пайызға артығымен орындалды. Қой басын көбейту бойынша меже – 162600 бас болса, орындалуы 166890 бас (өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,8 пайыз), яғни 102,6 пайызға орындалды. Жылқы басы меже – 36800 бас, орындалуы 35056 бас (өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,3 пайыз), яғни 95,2 пайызға орындалды. Құс басы меже – 287500 бас, орындалуы 213395 бас (өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 77,4 пайыз), яғни 74,2 пайызға орындалды. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында өнідірілген өнім көлемі де артығымен орындалып отыр. Ет өндіру бойынша меже – 23,1 мың тонна, орындалуы 4,5 мың тонна (өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,6 пайыз), яғни 19,4 пайызға орындалды. Сүт өндіру бойынша меже – 77,4 мың тонна, орындалуы 13,8 мың тонна (өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,3 пайыз) , яғни 17,8 пайызға орындалды. Жұмыртқа өндіру бойынша меже – 19,4 млн. дана болса, орындалуы 3,95 млн. дана (өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,1 пайыз) , яғни 20,3 пайызға орындалды. Ірі қара малдың орташа тірі салмағы меже – 332,0 кг, орындалуы 336 кг, яғни 101,2 пайызға орындалды. Құс етін өндіру бойынша меже – 0,90 мың тонна болса, орындалуы 0,17 мың тонна, яғни 18,8 пайызға орындалды. Балық өндірісі бойынша меже – 0,2 мың тонна болып отыр. Ауданда межеленген жоспарды артығымен орындау жұмыстары жүргізілуде. Нәтиже жаман емес. «Балапанды күзде санайды» демекші, көктемгі егістік жұмыстарының нәтижесі күзде белгілі болады. Ауданның жыл сайын қол жеткізген нәтижесі жоғары болып келеді. Биыл да жоғары жетістікке қол жеткізеді деген сенім бар.