Экономика Өңдеу жұмыстарын уақытылы жүргізудің маңыздылығы орасан зор Редактор 24.04.2023 13222 1 оқу мин Ауыл шаруашылығы өнімдеріне орасан зор зиян келтіретін шегірткелерге қарсы күрес жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бүгін Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының әкімі Арман Айдарұлы ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешенінің мемлекеттік инспекциясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қаныш Исаметұлымен бірге Дарбаза және Әлімтау ауылдық округтеріне арнайы барып, ауыл шаруашылығы үшін аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының барысын бақылады. Бақылау барысына республикалық болжам орталығының басшысы Н.Кашкенов, облыстық аумақтық инспекциясының басшысы И.Бегасилов, ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қатысты. Жұмыстардың барысымен танысқан Қаныш Исаметұлы: — Бұл өңдеу жұмыстарын уақытылы жүргізудің маңыздылығы орасан зор. Қажет болған жағдайда химиялық өңдеуге қажетті жаңа препараттар жеткізілетін болады. Жұмыстарды жүйелі жалғастыру қажет – деді. Айта кетсек, аудан бойынша биыл аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы қарсы 23 мың 620 га жерді химиялық өңдеу жоспарланған. Аталған фитосанитариялық іс-шаралардың тиімді жүргізілуін бақылау және үйлестіру мақсатында инспекция тарапынан ауданға 11 техника, 1 АН-2 ұшағы және 22 адам жұмылдырылған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 12408 ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.05.2026 9654 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 13470