Экономика Экзотикалық өнімдерді өсіріп отыр Редактор 27.04.2023 18717 Папайя немесе қауын ағашы. Экзотикалық өнімдерді шетелден арбаламай — ақ Түркістан облысынан дорбалауға болады. Тропикалық аймақтарда ғана өсетін өнімдер бүгінде Сарыағаш ауданында жайқалып өсіп тұр. «Агротур» шаруа қожалығының төрағасы Тұрсын Тасқоджаев экзотикалық өсімдіктің көшетін сәуір айында Өзбекстаннан алып келіпті. Әу баста бойы 17 сантиметр болған папайя тез жерсіндірілген. Бүгінде жеміс салып тұр. Алғашқы жемісін тез береді. Одан кейін екі ай сайын тағы өнім сала береді. Дәмі тіл үйіретін жеміс талай аурға да ем. Ас қорытуды жақсартады. Көру қабілетін және ағзананы бактериялардан қорғайды. Бауырдың жұмысын жеңілдетеді, жүрек ауруларынан қорғайды. Папайя салмақ жоғалтуға ықпал етеді, қандағы холестерин деңгейін де реттейді. Тропикалық жеміс қатерлі ісікке қарсы қасиеттерге ие. Пайдасы көп папайяны ертеңгі күні сатылымы да мол болары анық. Экзотикалық жемістерді қорықпай тәуекел етіп өсіріп отырған Тұрсын Абуллаұлы бұдан бөлек банан да өсіріп сатуда. Күнгейлік шаруалар елімізге теңіз асып, тау басып жеткізілетін банан, құрма, лимон, папайя, тіпті пальмаға дейін жерсіндіріп үлгерді. Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданындағы «Агротур» шаруа қожалығының төрағасы Тұрсын Тасқожаев жылыжай шаруашылығын өрістетіп отыр бүгінде. Көшет егіп сатумен айналысатын шаруа бүгінде бір жылыжайында арнайы тәжірибе алаңын ашқан. Мұнда экзотикалық жемістердің көшетін отырғызып, жерсіндіруде. Бүгінде жылыжайда бананның екі түрі корольдік және эквадорлық сұрыпы өсірілуде. Бір ерекшелігі 14 айда өнімі пісіп жетіледі. Бір жылда 4 рет өнім жинап алуға болады. Бір артықшылығы минереалды тыңайтқыштардың қажеті жоқ. Ауруға өте төзімді. Қазіргі уақытта банан көшеті гүлдеп жатыр. Банан екі үш айда пісіп қалады. Балалардың сүйікті асына айналған банан әрі ең өтімді өнімдердің қатарында. Жергілікті өнімнің бағасы да тиімді болары анық. Сондықтан да банан өсіріп, байлыққа кенелуге болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 264349 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 286673 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 292908