Күнгейлік шаруалардың қолынан келмейтіні жоқ. Еліміз үшін таңсық жемістердің өзін жерсіндіріп, саудасын қыздырып отыр. Папайя мен банан өсіретін жылыжай туралы естігеніңіз бар ма? Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданы, Жібекжолы ауылдық округіне қарасты Зортөбе ауылында жұмыс істеп тұрған бірегей көшет агрокешені облыста ғана емес, республикада да жалғыз. Бір гектар жерді алып жатқан алып жылыжай кешенінде сан мыңдаған көшеттердің түрі самсып тұр. Мұнда қол еңбегіне көп жүгінбейді, өйткені барлығы да автоматтандырылған. «Агро тур» шаруа қожалығының басшысы Т.Тасходжаев басқарады өте ізденімпаз жан. Жаңа технолгияларды меңгеріп, жаңа әдіс тәсілдерді ендірку үшін ұдайы ізденісте жүреді. Тіпті жылыжай кешенін заманауи үлгіде дамыту үшін шетелге барып, тәжірибесін де шыңдап келеді. Негізінен сарыағаштықтардың басым бөлігі бұрын гүл өсірумен айналысатын. Ол кездері табысты сала болатын. Бірақ кейінірек тасымалдау жағынан тағы да басқа проблемалар болып, дәл осы кәсіп түрін ауыстыруға тура келді. Әу баста үй ауласында басталған жылыжай кешені кейіннен алып жылыжайға айналды. Осыдан жеті жыл бұрын жылыжай шаруашылығымен айналысуға түбейгейлі бет бұрды. Олар Жібек жолы ауылдық округінен сегіз гектар жер алып, өз күштерімен бір гектар аумаққа жылыжай салуды қолға алды. Алғашқы рет қызынақ егіп бір маусымда 150 тонна өндіріп, сатты. Көкөніс өсіретін жылыжайдан бөлек, көшет өсіретін жылыжай да бар. Даман талабына сай жабдықталған кешенде барлық жағдай қарастырылған. Шетелдік мамандардың кеңесімен жылыжай барлығы бірден автоматтандырылды. Минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін арнайы құрылғы орнатты, көшет өсіру үшін арнайы итальяндық сепкіш сатып алды, бұл қол еңбегін шамамен 70 пайызға қысқартты. Жылыжай шаруашылығымен айналысатындардың кейбірі үшін бұл арман. Өйткені жұмысшыларға көп жалақы төлеу керек, ол шығынның орнын автомат атқарса қандай тамаша емес пе? «Агро тур» шаруа қожалығы сатып алушылардан кенде болған емес. Өйткені сапалы көшет өндіретін қажалыққа алғыстан басқа айтарлары жоқ. Өнімділгі жоғары көшеттерге сұраныс та көп. Басқа басқа емес дәл осы жылыжайдан облыстың барлық аудандарынан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облысынан, Қостанайдан, Өскеменнен келіп сатып алып кетеді. Жалпы алғанда, көшеттерді өсіру үшін бір айға жуық уақыт қажет. Жылыжайдағы жұмыс жыл бойы жалғасады. Алдағы уақытта минералды тыңайтқыш шығаруды жоспарлап отыр. Өнімділікті өсіретін тыңайтқыштардың алар орны ерек екені анық. Еңбек етуден бір тынбайтын, тәжірибе жасаудан шаршамайтын Тұрсын Тасходжаевтың шаруа қожалығында жылыжай кешенінен бөлек алма бағы, сегіз гектар құлпынай, бақша дақылдары, жиырма шақты ара ұясы, ірілі-ұсақты малы бар. Бәріне қарап, бәрін үйлестіріп, бәріне де үлгереді. Өндірген өнімі және жоғары сапалы. Сондықтан да ол бірегей.