Экономика Су үнемдеу технологияларын енгізу басты міндет Редактор 01.05.2023 10177 1 оқу мин Түркістан облысының 80 пайызы ауылда тұрады. Сондықтан өңірде ауылшаруашылығын дамыту маңызды болып отыр. Қазығұрт ауданында жемісті қалдықсыз өңдеуге басымдық беріліп, заманауи озық технологияны пайдаланушылар қатары артып келеді. Әрі егістікті әртараптандырудың да тиімділігіне түсінгендер қатары көп. Сондықтан да бүгінде осы тәсілді қолданушылар қатары артып келеді. Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу, су үнемдеу технологияларын енгізу және жылыжай шаруашылығын дамыту мәселесі Түркістан облысы ауылшаруашылық басқармасының алдында тұрған міндет болып отыр. Халықтың әл ауқаты ауылшаруашылығының дамуымен байланысты екендігі белгілі. Өңірде ең негізгі шаруашылықтың бірі ауылшаруашылық. Облыста аграрлық секторда 74,2 мың агроқұрылым бар. Республикадағы көрсеткіші – 31 пайызды құрайды. Жаңа технологияларға көшу міндеті тұр. Ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты дамыту, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті, жалпы өніммен қатар еңбек өнімділігін арттыру бойынша жұмыстар жалғасады. Малазықтық және масақты дақылдарды тікелей егу әдісі бүгінде облыстың барлық аудандарында қолға алынған. Айта кетейік, Қазығұрт ауданында өткен жылы 66,7 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Биыл ауданға көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан төмендетілген бағамен 3500 тонна дизель отыны бөлінді. Ал дала жұмыстарына техникалардың 95 пайызды тартылды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 264683 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 286978 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 293261