Экономика Мал бордақылау алаңдары көбейіп келеді Редактор 01.05.2023 14474 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Шардара ауданы Агроөнеркәсіп кешенінің даму бағдарламасы көрсеткіштерін озат орындаған аудандардың қатарында. Сондай-ақ, ірі қара мал басын асылдандыру бойынша да көш басында тұр. Ауданда бүгінде 171 мал бордақылау алаңы бар. Шағын жанұялық фермерлер құру тапсырмасы 25 бірлік болып бекітілсе, жоспар 29 бірлікке орындалды. Талғат Әлімқұлов, Шардара ауданының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы: «Биыл жиналатын астықтан күздік бидай 500 гектарға егілді. Жер жырту жұмыстары 43 мың гектарға межеленіп, 50-ден астам пайызы орындалған. Былтыр көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет тарапынан 2 860 тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлініп, күзгі дала жұмыстарына 3055 тоннасы үлестірілді». Республикалық және облыстық бюджет есебінен ағын суды жеткізіп беру құнын арзандатуға 25 млн-нан сатам, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауда 84,5 млн.гербицидтердің құнын арзандатуға 74,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу деңгейі де жоғары. Мал басын көбейту, мал басын асылдандыру бойынша да жүргізіліп жатқан жұмыстар ауқымды. Алдағы уақытта мал бордақылаумен айналысуға бел буғандардың қатары тағы да арта түспек. Өйткені мемлекеттік бағдарламалардың арқасында қайтарымсыз грант ұтып алғандардың дені дәл осы мал шаруашылығын өрістетуге бел буып отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 12408 ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.05.2026 9654 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 13548