Түркістан облысында мал шаруашылығы жақсы дамыған белгілі. Мал шаруашылығын ары қарай өрістету үшін мал ауруларының алдын алу маңызды болып отыр. Осыған орай Кентау қаласы мен оған қарасты ауыл округтерінде бүгінгі күні энзоотиялық аурулардың (Конго-Қырым қанды қызбасының) алдын-алу мақсатында, көктемгі I-кезең кенеге қарсы өңдеу (дезинсекция) жұмыстары жүргізілуде. Құрылған жұмысшы топ мүшелерімен бірге ағымдағы жылдың 25-26 сәуір күні ҚР АШМ ВБжҚК-нің Кентау қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы С.Бархиева, Кентау қалалық СЭББ-ның маманы С.Муслимхан, ТО АШБ «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК Кентау филиалының паразитологы Қ.Бойбекова, қаланың вет.бекет меңгерушісі Е.Тойметовтың қатысуында ауылшаруашылығы жануарларының (мүйізді ірі қара мал, жылқы, түйе) бүркілуіне, қора- жайлардың тозаңдатылуына мониторинг жүргізілді. Ауыл тұрғындарымен жиын өткізіліп, тұрғындарға қора-жайларды механикалық тазалаудан кейін ғана залалсыздандыруы, сонымен бірге жануарларды бірдейлендіру, ішкі сауда объектілеріне жануарларды ілеспе ветеринариялық құжатымен тасымалдануы (орын ауыстыруы) және аса қауіпті ауруларына қарсы өз жануарларына уақтылы вакцина ектіруді қамтамасыз етуі түсіндіріліп, үгіт-насихат жүргізілді. Бүрку, тозаңдату жұмыстарының атқарылуына тұрғындар өз үлестерін қосуда.