Экономика Мал шаруашылығын дамытуға бет бұрмақ Редактор 01.05.2023 6807 1 оқу мин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл орайда, биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады. Осы ретте, Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл шаруашылығы саласына арналған 2,5 пайыздық несие беру басталып, құжаттар қабылдануда. «Ауыл аманаты» жобасына Сайрам ауданынан Ақбұлақ және Жібек жолы ауылдық округтерінің тұрғындары қатысуда. Ақбұлақ ауылдық округі бойынша скрининг нәтижесімен несие алуға ниетті 121 азаматтың 97 азаматының құжаттары ауылдық округі әкімдігінде жинақталып 27 азаматтың құжаттары «Ырыс» мекемесіне тексертуден өткізілуде. Жібек-жолы ауылдық округі бойынша скрининг нәтижесімен несие алуға ниетті 123 азаматтың 112 азаматының құжаттары ауылдық округі әкімдігінде жинақталып 35 азаматтың құжаттары «Ырыс» мекемесіне тексеруден өткізілуде. «Ауыл аманаты» бағдарламасына қосымша 8,4 млрд теңге бөлінуіне орай Сайрам ауданы бойынша Қайнарбұлақ, Көлкент ауылдарын қатыстыру жоспарлануда. Ауыл халқының басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысуға бел буып отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 264683 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 286978 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 293261