Шаруалар тамшылатып суарудың пайдасы мен тиімділігін байқауда. Бұл өз кезегінде мол өнім алуға мүмкіндік береді. Тамшылатып суарудың тағыда бір пайдасы, бұған кететін тыңайтқыштың көлемі де 5-6 есе аз кетеді. Одан бөлек қол күшінде көп қажет етпейді. Бүгінде Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданындағы бірқатар шаруа қожалықтар осы әдіске көшіп үлгерді. Солардың бірі, «Абдрахман ата» және «Умид» шаруа қожалықтары болып отыр. «Абдрахман ата» шаруа қожалығы биыл 1 гектар жерге тамшылату суару әдісімен «Дуглус» құлпынай сортын еккен. Мамыр айында өнімін жинау жоспарлануда. Одан бөлек, алма, жүзім, жоңышқа дақылдарын егіп өз ісін дөңгелетіп отыр. Ал, «Умид» шаруа қожалығы 3,5 гектар жерге пияз, 1 гектар жерге қырыққабат, 1 гектар жерге картоп дақылдарын тамшылату суарумен еккен. Диқандардың еңбегіне береке берсін, қырмандары дәнге тола берсін деп тілейміз.