Әлеумет Түркістан: 9 мамырға арналған «Батырларға тағзым» онлайн-акциясы өтеді Редактор 05.05.2023 6605 1 оқу мин Биыл «Ер есімі – ел есінде» («Батырларға тағзым») жыл сайынғы акциясы онлайн форматта арнайы аттас платформада https://batyrlargatagzym.el.kz өтеді. Ол қазақстандық батырлар туралы барлық ақпаратты көрсетуге мүмкіндік береді. 9 мамырға жоспарланған республикалық онлайн-шеруге барлық түркістандық тұрғындар қосыла алады. Аталған сайтта орналасқан деректер базасы — соғысқа қатысқан қазақстандық ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің есімін мәңгі есте сақтауға арналған электронды ресурс. База онлайн режимде толықтырылып, «Ер есімі – ел есінде» ақпараттық платформасында жинақталады. Сонымен қатар, деректер базасын толықтыруға әрбір қолданушы қатыса алады. Ол үшін оқырман майдан даласына аттанған ата-бабасы туралы деректерді batyrlargatagzym.el.kz сайтына жүктеп немесе мына электронды поштаға жолдауы қажет: elimai2012@gmail.com Жолданған ардагерлер туралы ақпаратта аты-жөні, туған жері мен жылы, әскери атағы, соғыстағы ерліктері туралы толық мәліметтерін көрсетуі керек. Сонымен қатар, фотосуреті де тіркелуі қажет. Естеріңізге сала кетейік, елімізде онлайн-акция өткізуде мұндай тәжірибе әуелден бар. 2020-2021 жылдары карантиндік шектеулер кезінде аталған акция онлайн форматта өткен болатын. Қала тұрғындары оған белсенді қатыса отырып, платформа игілігін кеңінен қолданды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 1 оқу мин Әлеумет Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 13.09.2025 2266 Ата-ана құқығы шектеліп, алимент өндірілді 1 оқу мин Әлеумет Ата-ана құқығы шектеліп, алимент өндірілді 13.09.2025 2445 200 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні қолдануға арналған тегін курстан өтті 1 оқу мин Әлеумет 200 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні қолдануға арналған тегін курстан өтті 11.09.2025 7316