Экономика Сөк-сөк ауылындағы мал шаруашылығының жай-күйімен танысты Редактор 08.05.2023 13679 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында мал басын көбейтумен айналысатын шаруашылықтар жетерлік. Шекараға жақын аумақтағы аудан халқы өте еңбекқор, шыбықтан шынар өсіріп шығаратын пысықтығы тағы бар. Сарыағаш ауданының басшысы Арман Айдарұлы Жібек жолы ауылдық округі, Сөк-сөк елді мекеніне арнайы барып, тыныс-тіршілігімен танысты. Арман Айдарұлы аталған елді мекендегі төрт түлікті бағуға арналған арнайы қораларды кеңейтіп, мал басын көбейтіп отырған шаруалармен кездесіп, мәселелердің мән-жәйін тыңдады. Елді мекенге арнайы ат басын бұрған аудан әкімі мал шаруашылықтарының жай күйімен танысып шықты. Елді мекенде атқарылатын жұмыс көп екендігі айтылды. «Алдағы уақытта айтылған мәселелер жол картасына енгізіліп, кезең-кезеңімен шешілетін болады», — деді аудан басшысы. Кездесу соңында тұрғындар аудан басшысына ризашылығын білдіріп, алдағы атқарар жұмыстарына сәттілік тіледі. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 40836 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 59523 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 72035