Түркістан облысына қарасты Созақ ауданының жері шөлейтті, климаты құрғақ болып келеді. Дегенмен соған қарамастан ауыл шаруашылығын дамып келеді. Әсіресе мал шаруашылығы қарқынды дамуда. Ағын су мәселесі түйіткілді болғанымен кәсіптің көзін тапқандар тамшылатып суғару технологиясын қолға алған. Сөйтіп, табыстың көзін тауып, пайда көріп отыр. Тағы бір мәселе Созақ ауданының жер көлемі үлкен болғанымен суармалы жер аз. Соған қарамастан соңғы әлетте жаңа тенологияның бүге шүгесіне дейін зерттеп, пайдалысын пайдаларына жаратып, диқаншылыққа бет бұрған шаруалардың қатары көбейіп келеді. Ауданда «Тағай ата тұз» деген мал шаруашылығына арналған тұз шығаратын өндіріс орны бар. Оның өнімдерін мал шаруашылығымен айналысатындар сатылымын өкіртеді. «Болыс ата» шаруа қожалығы қауын-қарбыз егеді. Өнімдерін тек елімізге ғана емес жақын маңдағы шетелге де экспорттап отыр. Бұдан өзге де ауданда ауыл шаруашылығын қарқынды түрде дамытып отырған шаруақожалықтары жетерлік. Жалпы Созақ ауданында ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын 13 мың 200 гектар жер бар. Жерді тиімді пайдалану мәселесі басты назарда тұр. Алдағы уақытта мемлекет тарапынан қолға алынған бағдарламалардың арқасында осы саланың көрігін қыздыратындардың қарасы қалыңдай түспек. Өйткені мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау тобы ауданның шалғай шетінде орналасқан ауылдарға дейін барып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Түркістан облысына қарасты Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Сексенбайұлының тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласында 2023 жылы атқарылатын жұмыстар мен мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер туралы түсіндіру тобы арнайы келді. Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Мейірманов, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы С.Қарабаев, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының маманы Д.Райымов шаруа қожалықтарына, кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтарға ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласын кеңінен насихаттау, мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді, игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруды, жерді мақсатына сай пайдалану туралы айтып өтті. Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП» Созақ аудандық филиалының басшысы А.Анарбаев жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалық төрағаларына сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетілетіндігін хабарлады. Яғни, тоқсан, жартыжылдық және жылдық есептерді тапсыруға көмектесу. Сонымен қатар, жеке кәсіп ашамын деушілерге бизнес жоспар әзірлеуге көмек көрсетілетіндігін жеткізді. Жиын барысында қойылған сұрақтар мен ұсыныс пікірлерге жауап берілді. Аудан әкімі М.Тұрысбековтің тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласында 2023 жылы атқарылатын жұмыстар мен мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер туралы түсіндіру тобының кестесі бекітілген. Топтың құрамына аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Мейірманов, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы С.Қарабаев, «Атамекен» ҰКП» Созақ аудандық филиалының басшысы А.Анарбаев, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының маманы Д.Райымов кірді. Бекітілген кестеге сай түсіндіру тобы өз жұмысын Шу, Тасты, Жуантөбе ауылдық округтері мен Қыземшек кентінен бастады. Жиынның мақсаты шаруа қожалықтарына, мал шаруашылығын дамытуға, кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтарға ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласын кеңінен насихаттау, мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді түсіндіру болып табылады. Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы С.Қарабаев игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруды, жерді мақсатына сай пайдалану туралы айтып өтті. Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП» Созақ аудандық филиалының басшысы А.Анарбаев жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалық төрағаларына сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетілетіндігін хабарлады. Яғни, тоқсан, жартыжылдық және жылдық есептерді тапсыруға көмектесу. Сонымен қатар, жеке кәсіп ашамын деушілерге бизнес жоспар әзірлеуге көмек көрсетілетіндігін жеткізді. Жиын барысында қойылған сұрақтар мен ұсыныс пікірлерге жауап берілді. Түсіндіру тобы басқа да ауылдық округтері мен кенттерді толығымен аралап шығатын болады.