Экономика Шетелдік сұрыптарды жерсіндірді Редактор 12.05.2023 9543 1 оқу мин Түркістан облысы Жетісай ауданында көпжылдық жеміс-жидек дақылдарына 786 гектар жер бөлінді. Оның 450-і жүзім, қалғаны алма бағы. Өткен жылы 15 мың тонна өнім жиналған. Биыл да одан көп өнім жинауды жоспарлап отыр. Жетісайлық бағбандары шетелдік сұраптарды жерсіндіріп, мол өнім алуды жоспарлап отыр. Жақын жер емес сонау итальяндық селекциядағы алма мен жүзімді өсіруде. Жергілікті шаруа қожалықтары алдымен шетелдік серіктестермен келісімшартқа отырған болатын. Одан кейін жеміс-жидек дақылдарының көшеттерін әкеліп, оларды өсірудің қыр-сырын үйренді. 11 гектар аумаққа алма ағашы, ал 9 гектарға жүзім алқабы орналасқан. Осыдан жеті жыл бұрын Сұлтан Жолдасбаев алғашқылардың бірі болып өз бақшасына жеміс-жидектердің шетелдік сорттарын отырғызған болатын. Белгілісі алма мен жүзім бір екі жылда тез өнім бере қоймайды. Сол өнім бергенге дейін алма мен жүзім бағын жақсылап баптау қажет. Дәрумендерін беріп, шыбын шіркейден қорғайтын дәрілеп әбден бабын келістіру қажет. Өйтпеген жағдайда бұл жемістер демде қурап кетуі ғажап емес. Оның үстіне жақын жер емес сонау Италиядан алдырылған жеміс сұрыптарын жерсіндіру де оңайға соқпаған. Ерекше интенсивті сорттардың ерекшелігі — егін жинауды көп күтудің қажеті жоқ. Алғашқы жылы әр гектардан бір тоннаға жуық өнім алған. Содан кейін — 10 тонна, содан кейін – одан көп өнім жиналған. Минералды тыңайтқыштар мен суды үнемдейді. Суару үшін тамшылатып суару технологиясын қолданады. Қолы ұсынақты бағбанның учаскесінде итальяндық алма ағаштарының үш түрі бар: жаздық, күздік және қыстық алмалар. Жылдық өнім – 35 тонна алма мен 20 тонна жүзім шоғы. Соңғысы – отандық түрлерге қарағанда ерте піседі. Ал шілденің басынан қарашаның соңына дейін жинайды. Сұлтан Жолдасбаев болса да жергілікті басқа шаруашылықтар сияқты ішкі нарыққа өнім жібереді. Айтпақшы, қазір облыста мақта дақылдары қысқартылып, жеміс-жидек дақылдарының көлемі ұлғаюда. Мемлекет қолдауы бағбандарға көмекке айналды. Тамшылатып суару технологиясын қолданатындар үшін шығынның 40 пайызы субсидия есебінен өтеледі. Бағбан алдағы уақытта алма бауы мен жүзім алқабының аумағын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 26.11.2024 4346 ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 1 оқу мин Экономика ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 26.11.2024 3852 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 1 оқу мин Экономика САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 23.11.2024 17401