Ауыл халқының табысын арттыру мақсатында «Ауыл Аманаты» бағдарламасына қатысушы ретінде Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданынан 4 ауылдық округ тіркелген. Негізгі қатысушы ретінде – Алғабас, Ақбастау, қосымша қатысушы ретінде – Борлысай, Көктерек ауылдық округтері анықталды. Қазіргі таңда Алғабас ауылдық округінен мал шаруашылығы бағытындағы «Арыстанды Агро» АШӨК құрылды. Құрамында мүшелікке кіруге ниетті жалпы адам саны – 58 жеке тұлға болса, бүгінгі күнге дейін заңды тіркелгендер саны – 53. Ағымдағы жылдың 27 сәуір күні аудан әкімі жанынан құрылған жұмысшы топ мүшелері және «Ырыс» МҚҰ мамандарымен бірге несие алуға ниетті жеке тұлғалардың әлеуметтік жағдайы бағаланып, 12 жеке тұлғаның құжаты толық дайындалып комиссия отырысына қаралуға жолданды. Одан бөлек 7 жеке тұлғаның жоба құжаттары толық жинақталып, қаржы ұйымының комиссия отырысына ұсынуға дайын. К.Ахметов, Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөліміның басшысы: «Ақбастау ауылдық округі бойынша мал бордақылау және сүт бағытындағы «Майлы- 7» АШӨК құрылды. Құрамында мүшелікке кіруге ниетті жалпы адам саны – 83 жеке тұлға болса, бүгінгі күнге дейін заңды тіркелгендер саны – 33. Оның ішінде 16- сүт бағыты, 67 – мал бордақылау бағытында несие алуды жоспарлап отыр (АШӨК негізгі бағыты сүт бағыты, алайда қазіргі таңда ауыл тұрғындарының өтінішімен мал бордақылау бағытын қосуды сұрап отыр. Дәл осы мәтінде облыс әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлына аудан әкім орынбасары атынан 24.04.2023 ж №327 санды хаты жолданған). Қазіргі таңда 9 жеке тұлғаның жоба құжаттары толық жинақталып (5-сүт бағыты, 4 – мал бордақылау), қаржы ұйымының комиссия отырысына ұсынуға дайын. Мүшелерін АШӨК тіркеу және несие шарттарына сай құжаттары жинақталу үстінде».