Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында ауыл шаруашылығы саласында 124,2 млрд тенгенің жалпы өнімі өндірілді (өсімдік шаруашылығы 54,1 млрд теңге, мал шаруашылығы 69,8 млрд теңге) өткен жылмен салыстырғанда 14,2 млрд теңгенің өнімі артығымен өндірілген. Нақты көлем индексі 102,6%. Ауданның облыстағы үлесі – 11,9%. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 7,9 млрд теңге, тамақ өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі 820,8 млн теңгеге жетті. Ауданда ірі жобалар іске асырылды. Оның ішінде: ЖК «Урунбеков»- диірмен, ЖК «Урунбеков» – май сығу цехы. ЖК «Бегметова» – 400 бастық ІҚМ бордақылау алаңы. ЖК «Теңлібай Нұрлан» — 150 бастық ІҚМ бордақылау алаңы. «Zaure Group» ЖШС — өндірістік жылыжайы. «Юг-Фуд» ЖШС – сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорны. «Айкан» ЖШС-ң құрғақ сүт пен құрғақ сүт сарысуын шығаратын зауыты. Ағымдағы жылы 52,8 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, өнімі жиналды. Оның ішінде: 16,3 мың га күздік бидай, 5,8 мың га арпа, 295 га жүгері, 6,6 мың га майлы дақылдар, 3,9 мың га картоп, 6,2 мың көкөніс және 13,5 мың га мал азықтық дақылдар мен басқа да егіндер егіліп, олардан жиналған өнім 34,8 мың тонна астық, 172,05 мың тонна көкөніс, 101,7 мың тонна картоп, 5499,17 тонна майлы дақылдар және т.б. өнімдер жиналды. Аудандағы жылыжай көлемі 59,3 гектарға жетті, оның ішінде өндірістік жылыжай – 32,2 га. Есепті жылы жылыжайлардан түскен өнім көлемі: қызанақ 2913 тонна, қияр 3400 тонна, болгар бұрышы 15 тонна, баялдыр -10 тонна, лимон 3 тоннаны құрады. Жалпы аудандағы қарқынды бау – 532,5 га жетті. Оның ішінде, Ақбұлақ ауылдық округінде ЖК «Қуатбеков» 19 га жерге қарқынды бау және жүзім егілген. Тамшылатып суғару технологиясының тиімділігі ағын су шығынын 2-3 есе үнемдеп, өнімділікті 3-4 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Бір алқаптан 2 өнім алу жобасы аясында 203 шаруа қожалықтары жалпы көлемі 306 га жерге өнім егіп, жалпы 14422 тонна өнім алды. Жоспар 113 пайызға орындалды. Алынған өнім Мәскеу, Қарағанды, Ақтау және Шымкент қалаларында сатылуда.