Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында мал шаруашылығы саласында 2022 жылы ірі қара мал басы 210,4 мың басқа жетті. Оның ішінде сиыр 70,6 мың бас 117,7 пайызға артты, қой-ешкі 106,6 мың бас, жылқы 77,1 мың бас, құстар 161,3 мың бас. Олардан алынған өнім 42,5 мың тонна тірі салмақта ет, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғында 102,6 пайызға артты, сиыр сүті 145,1 мың тонна – 102,7 пайызға, жұмыртқа 16,8 млн дананы құрады. Жалпы ауданда 1038 мал бордақылау орындары бар, Осы бордақылау орындарында бір мезгілде 42 мың мал басы бордақылануда. Былтыр облыс көлемінде ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттау бойынша облыста көш бастады. Атап айтқанда: ЖК Абдиева, ЖК Алипбеков Нартай , «Қайып ата» ЖШС, «Нұрым Групп» ЖШС, «Сардор KZ» АШӨК, «Тұран Агро ет» АШӨК кәсіпорындары 15,7 мың тонна ІҚМ етін және 7,6 мың тонна қой еті экспортқа шығарды. Аудан аумағында жалпы 11 дана көкөніс жемісті қайта өндейтін цехтар мен кәсіпорындар бар. Олардың жалпы қуаттылығы 13900 тонна. Сүтті қайта өңдейтін 18 дана кәсіпорындар мен цехтар жұмыс жасайды. Олардың жалпы қуаттылығы жылына 116,0 мың тонна. Етті қайта өңдейтін 3 дана кәсіпорындар мен цехтар жұмыс жасайды. Олардың жалпы қуаттылығы жылына 6300 тонна. Жеміс көкөніс сақтау қоймалары бойынша ауданда жалпы сиымдылығы 21200 тонналық 3 бірлік жеміс көкөніс сақтау қоймалары бар. Ауданда 1313 ауыл шаруашылық техникалары тіркелген. 2022 жылы 120 жаңа техника алу жоспарланса, 12 айда 122 техника алынып, жылдық жоспар 101,6% орындалды. Коммуналдық меншіктегі каналдарды тазалау жұмыстары туралы Аудандағы суармалы жерлерді 53 канал ағын сумен қамтамасыз етеді. Оның ішінде 47 коммуналдық меншікте, 6 жеке меншікте. 2022 жылы Ақсу МКК меншігіндегі эксковаторлардың күшімен 132 шақырым канал механикалық тазаланды. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 8 каналдың күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 118,3 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаттама жасатуға толық құжаттары облыстық тиісті басқармаға жолданды.